Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Кәсіпкерлерді үрейлендірмей, тұтынушыларды ынталандыру керек – сарапшы

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шағын бизнесті тексеруге мораторийді жоюды  ұсынды.

— 2020 жылдан бастап тексерулерге енгізілген үш жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдады. Осыған байланысты микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз, – деді ол 2 тамыздағы Үкімет отырысында.

Экономист және кәсіпкер Әсет Наурызбаев министрдің ұсынысын сынға алды. Оның айтуынша, қазір мүлдем басқа тәсілдер қажет, ал бұрынғы тексерулер жүйесі сыбайлас жемқорлыққа жол ашқан.

Тәжірибелі министрлер басқа әдіс қолданады

– Әсет, Қаржы министрінің жаңа идеясы және оның дәлелдемесі қалай? Шынында да, кәсіпкерлер бәрін қайтадан тексеру қажеттілігі туындайтындай шектен шығып бара ма?

– Маған министрліктің жиі және көбірек түрлі тексерулер жүргізуге деген ұмтылысы түсінікті. Бірақ іс жүзінде тәжірибелі қаржы министрлері басқа әдістерді қолданады. Атап айтқанда, олар сатып алушыларды чекті талап етуге ынталандырады. Мысалы, лотерея ұйымдастырады, оған қатысу үшін чек қажет делінеді, содан кейін сатып алушылардың өздері-ақ кассадан чек сұрай бастайды. Бұл бір ғана мысал, осындай көптеген мысал келтіруге болады. Ең бастысы,

кәсіпкерлерді жазалаудан гөрі тұтынушыны ынталандырудың көбірек әдістері болуы керек

Негізінен, бізде қазір қолма-қол есеп айырысудан алшақтау үшін көп жұмыс жасалды. Барлық жерде бақылау-кассалық аппараттары бар, және осы да жеткілікті, тек жоғарыда айтылған ынталандыру шараларын ойлап табу ғана қалады. Дегенмен, мораторийдің шексіз болуы мүмкін емес екенін түсінеміз.

— Мұндай лотереяға халықтың көпшілігі қалай қарар екен? Көп үлес қоса ма әлде қатыспай ма?

– Егер лотерея жақсы болса, онда көп болады. Егер ешқашан ұта алмайтын немесе пайдасыз сыйлықтар берілетін болса, әрине, ешкім қатыспайды. Бірақ тағы дда қайталаймын, бұл бір ғана мысал, басқа да әдістерді ойлап табуға болады.

Ең бастысы – адамдарды чекті талап етуге ынталандыру

Содан кейін олардың барлығы электронды дерекқорға түседі, сондықтан бизнесті тексеру өте оңай болады.

Барлығын қатарынан тексермей, алдымен ойлану керек

– Кассалық тәртіпке қатысты барлығы түсінікті, бірақ мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерге басқа да шағымдары болды. Рас, Қаржы министрі бұл жолы оларды айтқан жоқ. Мысалы, Төтенше жағдайлар қызметкерлері тамақтану орындарында газ баллондарын пайдаланады деп шағымданды, олай істеуге мүлде болмайды. Сол кезде де тексеруді қайта бастауды сұрады.

– Жоспарлы тексерулер бар (дәл қазір соларға мораторий жарияланған), және азаматтардың шағымдары бойынша жасалатын тексерулер бар. Менің түсінуімше, тексерудің соңғы түрін ешкім жойған жоқ. Яғни, егер тәртіп бұзушылықтар шынымен болса және оны көрген клиент шағымданса – тексеру, бұл қалыпты жағдай.

— Егер сол газ баллонды жақсылап жасырса, клиенттер оны тіпті көрмей де қалуы мүмкін.

– Бірақ кәсіпкердің өзі қандай тәуекелге барып отырғанын түсінуі керек. Оның қызметкерлері де бұл заң бұзушылық екенін білуі тиіс.

Қожайыны қылмыстық тәртіппен жауап береді. Оны бәрі түсінуі керек.

Ал жоспарлы тексерулер сыбайлас жемқорлықтың ошағы болды – ең басты қиындық осы

Қазір мүлдем басқа әдістер қажет

— Қандай, мысалы?

— Егер газ баллондары туралы айтатын болсақ, мысалы, электр энергиясына арналған шоттарды бақылауға болады.

Егер тамақтану орнында электр энергиясына аз төлесе, онда олар газ баллондарын пайдаланады

Кәсіпкерлерді “сілкитін” адамдарды жіберіп қана қоймай, интеллектуалды әдістерді дамыту қажет.

Мораторий жарияланған кезде, олар жай ғана жемқорлық ошағын алып тастағандай сезілді. Бизнеске онсыз да қиын болатын. Объектілерге мұндай жаппай жорықтар қауіпсіздік мәселелерін емес, бақылаушылардың табыс табу мәселесін шешті. Маған оларды қайтадан бастау туралы ұсыныс мүлде ұнамайды.

– Ал қазір тексерушілердің заңсыз әрекеттеріне шағымдануға бола ма? Бұл қаншалықты тиімді? Механизмдердің пайдасы бар ма?

– Статистиканы айта алмаймын, бірақ мен білетін адамдардың ішінде кей жерде жеңіске жеткені де, нәтиже шығара алмай шағымданғаны да бар. Бәрі де мүмкін, өйткені себебі де әртүрлі — біреудікі дұрыс, ал ендібіреулерінікі мүлде дұрыс емес. Механизмдер бар – ол да жақсы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз