Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Кәсіпкерлер мен инфлюенсерлер: Respublica партиясының  лидерлері кімдер?

399

Respublica партиясының төрағасы – фермерлер арасында танымал агробизнесмен, «Олжа Агро» холдингінің басшысы Айдарбек Қожаназаров. 39 жастағы кәсіпкер Қызылорда облысында педагогтар отбасында дүниеге келген. Осы жылдар ішінде ҚХА «Олжа» холдингіне кіретін компаниялар тобында басшылық қызметтерді атқарды, холдингтің стратегиясы мен перспективалық даму мәселелеріне жетекшілік етті, «ҚазАгро» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Астана СПК» ҰК басқарма төрағасы, «Иволга-Холдингтің» бас директоры қызметтерін абыроймен атқарды.  2019 жылы «Олжа Агро» ЖШС бас директоры болды. Қожаназаров қоғамдық жұмыстарға да араласып тұрады. Спорттық шаралар ұйымдастырады және өзі де белсенді түрде спортпен айналысады.

Партияның негізін қалаушылар туралы айтатын болсақ, олардың арасында қазақстандық танымал жас бизнесмендер, блогерлер мен қоғам белсенділері бар. Мәселен:

Динара Шүкіжанова – партияның тең төрағасы, AgromashHolding KZ президенті. Динара Шүкіжанова еңбек жолының басында жеке компанияларда HR саласында жұмыс істеп, жеке кәсіпкер болған. Одан кейін 2011 жылы «АгромашХолдинг KZ» АҚ-ға жұмысқа шақырылып, ең төменгі сатыдан бірте-бірте компания президенті лауазымына дейін көтерілді. Партияның белсенді азаматтық ұстанымы бар құрылтайшысы мүмкіндігі шектеулі жандарға атаулы көмек көрсетіп, Қостанайдағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларына қамқорлық жасауда.

– Қуаныш Шонбай – партияның тең төрағасы, Shonbay.school мектебінің негізін қалаушы. Қуаныш Шонбай алғашқы миллионын 19 жасында кітап сату арқылы тапқан. Кәсіпкер Қазақстанда табысты ресторатор ретінде танымал. Шонбай ұстаздық етуді өзінің нағыз мамандығы санайды, сондықтан 2019 жылдың басында қазақтілді аудиторияға арналған алғашқы онлайн-бизнес университетін ашты. Сонымен қатар Қуаныш Шонбай «Екінші болма!  Жеңіс жетісудің қазақша жолы» сияқты бірнеше кітаптың авторы.

– Максим Барышев – партияның тең төрағасы, Uchet.kz сайтының негізін қалаушы. Барышев «Күшіміз бірлікте» атты зардап шеккен бизнесті қолдау республикалық қорын да басқарады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы бойынша тақырыптық конференциялардың тұрақты баяндамашысы және қатысушысы.  Сонымен қатар ол әртүрлі акселерация бағдарламаларына тәлімгер ретінде қатысады.

– Нұрлан Қоянбаев – партияның тең төрағасы, продюсер, актер және тележүргізуші. Ол «Қазтелеөнім» кинокомпаниясының негізін қалаушы, Президенттік Телерадиокешеннің шығармашылық директоры. Нұрлан Қоянбаев мансабының басында КВН ойындарына қатысқан. Ол «Astana.kz» КВН Жоғарғы лигасы командасының капитаны атанды, Қазақстан мен Ресейдің үздік КВН-шісі болып танылды. Одан кейін сценарист, жүргізуші, продюсер және шығармашылық жетекші ретінде 22 жылдай өмірін телевидениеге арнады. Қоянбаев фильмдер түсіріп, басты рөлді де сомдады.

– Руслан Берденов – партияның тең төрағасы, «Еврофарма» ЖШС президенті. Еңбек жолын «Алматы Құс» «Сеймар Групп» ААҚ бөлшек сауда бойынша директор болып бастады, кейін «Проктер энд Гэмбл» ЖШС-да логистикалық қамтамасыз ету бойынша бас үйлестіруші, кейін EASTCOMTRANS ЖШС жылжымалы құрамды жалға беру бөлімінің бастығы болып еңбек етті. Руслан Берденов бір желіде 10 жылдан астам жұмыс істеді – алдымен Akniet Phamaceuticals компаниясының басшысы, содан кейін бүкіл Aq Niet Group компаниясының басшысы болып бекітіледі. Оның басқаруындағы «Еврофарма» дәріханалар желісі 2012 жылы «Қазақстанның үздік желісі» номинациясын жеңіп алды.

– Сырымбек Тау – партияның тең төрағасы, Daco Motors Kazakhstan президенті. Сырымбектің компаниясы YOKOHAMA, TRIANGLE және NANKANG шиналарының Қазақстан мен Орталық Азиядағы ресми дистрибьюторы болып табылады. Тау, сонымен қатар TGB group, Samga Press баспаханасы, Qaz Nomads қонақ үйлер желісі, SAN Cocouplement компанияларының акционері. Қоғамдық шараларды жүргізіп, ел өміріне белсене араласады. Пандемия кезінде оның компаниясы Алматыдағы 9800 отбасына азық-түлік көмегін көрсетті, «Біз біргеміз», «Шұғыла» қайырымдылық қорына қаржы бөлді.

– Бейбіт Әлібеков – партияның тең төрағасы, Blackberry медиахолдингі мен баспасының иесі, блогер, Astana Watch Club-тың негізін қалаушы.  Әлібековтің медиа бизнестегі мансабы 10 жасында 31-арнадағы «Карусель» бағдарламасының жүргізушісі болған кезде басталды.  Бейбіт Әлібековтің 26 жасында 16 бұқаралық ақпарат құралы болды, оның ішінде Ақтөбе, Орал, Қырғызстандағы радиостанциялар, Қарағандыдағы телерадиокомпания, Петропавлдағы «Бірінші Северный» арнасы, т.б. бар. Қазақстан Медиа Альянсы, танымал бизнесмендер, саясаткерлер, мәдениет қайраткерлерімен сұхбаттар жариялайтын «ALIBEKOV» авторлық YouTube арнасының негізін қалаушы.

Тапсырыс беруші: Құспеков Олжас Хайроллаұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудағы «Respublica партиясы» ҚБ Сайлау қорының қаражаты есебінен төленеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз