Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

«Кәрі қыз» болып қашанғы жүрем? Бала туып алайын да!

442

— Онда тұрған не бар. Квартирант шығар, ақшасын төлеп тұрады ғой. Данаға көмек емес пе.

Жоға, түсінбедің! Тыңдасаңшы, қыз маған не деді дейсің ғой: «Студент бала, сүп-сүйкімді. Құшақтап сүйе бергің келеді. Ақыры байға тимедім. Осы баланы бір түні қойныма алып, бала туып алам. Өзім үшін ғой. Бір бала керек-ақ», деп қарап тұр.

Ол бала әлі жиырмаға да толмаған шығар, сен қырыққа таяп қалдың. Жап-жас баламен төсектес болуға ұялмайсың ба? Ол саған көне ме, деп едім, «Неге көнбесін? Оны үйде тегін тұрғызамын. Тамағы менен. Қажет болса, ақшасын да беремін. Күнде болмаса да, ара-тұра құмарымды қандырып тұрса болды. Бала көтерсем, жүдә жақсы болар еді. Оқыдым-тоқыдым. Карьера қудым. Сөйтіп байсыз қалдым ғой. Енді қырыққа келген мені кім алады? Өзіммен жастыларға жас қыз керек. Кім-көрінгеннің ойнасы болғым келмейді. Сондықтан амалсыз осы жолды таңдадым. Жетім бұрышта арзан пәтер іздеп жүр екен. Кездесе кетті. Ұнады. Студент екен. Жатақханадан төбелесіп шығып кетіпті. Мейлі ғой, үйімде қанша тұрса да. Ең бастысы мен үшін осы баладан бала көтеру. Одан кейін кете берсін», дейді Дана.

«Жиырма жас кіші болса – бола берсін. Несі ұят? Онда тұрған не бар? Оған тиіп алайын деп тұрған жоқпын. Жас қой, ұрығы қуатты болар. Бір бала жасап берсе болды. Кете берсін. Ендігі қалған өмірімде жалғызбасты болып, «кәрі қыздардың» қатарын көбейтіп жүре бергім келмейді. Өзім үшін туғым келеді», депті Дана.

Өзің біл, деп қолымды бір сілтеп кетіп қалдым деді әйелім.

Дананың тірлігі дұрыс дедім

Ия, мен солай дедім. Шынында да, қашанғы жұмыс-үй-жұмыс деп жүре береді? Бүгін қырықта болса, ертең елуге келеді. Сосын бәрі кеш. Өзіне ұнған адамнан бала туып алса, оның несі айып? Онсызда естіп жатырмыз ғой, елімізде 400 мыңдай байға тимеген кәрі қыз бар екен. Солардың қатарын қашанғы толтырып жүре бермек.

Бірақ әйеліме бұл айтқаным ұнай қойған жоқ.

«Бәрібір жас баламен төсектес болуы ұят. Жасы келген біреуді таппады ма? Қазақстанда сүрбойдақтар да толып жүр ғой, соның біріне неге тимейді?», деп біраз бұрқылдады.

Енді, жастықтың желігімен жүріп қалған шығар. Білім қуды, карьера қуды. Болдым-толдым дегені шығар. Енідгі миссиясы — бала туу. Дұрыс. Өйткені «кәрі қыз» дегеніміз – жағылмаған ошақ, көтерілмеген отау, өмірге келмеген сәби. Кеш болса да қатесін түзейін деген шығар, деймін мен де қоймай.

«Бәрібір жап-жас баланы үйіне кіргізіп, төсектес болу, одан бала көтеру ұятты тірлік» деп әйелім қоймады.

Осылайша әйеліміз екеуміз көрші тұратын «кәрі қыздың» құлағын біраз шулаттық. Сіз не дейсіз бұған?

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз