Нұр-Сұлтан
Қазір
-20
Ертең
-25
USD
515
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.17
0.00

“Кәрі қатындардың қуыршағына айналдым” – бойдақ таксистің бастан кешкені

1263

Бірақ оның әңгімесі өзгешелеу болған: мен негізі, халық таңертен жұмысқа баратын кезде және жұмыстан қайтатын кешкілік мезгілде ғана «таксовкаға» шығатын таксистпін. Сол кезде ғана клиенттер көп болады. Қалған уақытта үйде теледидар қарап, интернет ақтарып шалқайып жатамын. Бұл енді бөлек әңгіме. Оны да кейін жазармын.

Айтқым келгені – Арайлыммен қалай танысқаным. Кешкілік Алматының орталық көшелерінің бірінде келе жатқанмын. Жапырлап қол көтергендер көп, өйткені күн суық. Көбі аялдамада тоңып, автобус тосып тұрғысы келмейді. Топталып қол көтергендерге тоқтамай, шеткерек тұрған сымбатты, өңділеу әйелге тоқтадым. Жасы біразға келсе де, жұтынып тұр екен. Қаланың шет жағындағы мөлтек аудандардың бірінде тұратын болып шықты. Мінезі ашық қыз екен. Әңгімеміз бірден жарасып кетті. Банкте істейді екен.

Жалпы, көлігіме көрікті қыз-келіншек отырса, өзге клиенттерге тоқтамайтын адаммын. Өйткені әлгі қыз, немесе келіншекпен оңаша отырып сөйлесу, я болмаса танысу керек дегендей… Тағы бір адам мінгізсең, әңгімеге «мешайт» жасайтыны хақ.

Содан әлгі қыз сөзге шешен болып шықты. Өзі танысты. Әлсін-әлсін бетіме, денеме сүзіле қарап қояды. Бір сөзінде отыз беске толғанын, әлі күйеуге тимегенін айтып қалды. Онымен қоймай, «Жасың нешеде?» деп сұрап алды. Жиырма беске енді толамын деп едім, «Ту-у, нағыз уылжып тұрған кезің ғой. Күшің бойыңа симай жүр-ау», деп неге екенін тамсанып қойды.

Телефонымды сұрап алды. «Спортпен айналысқасың-ау, денең «мошный» екен» деп тағы бір әңгімнің шетін шығарды. Сонымен не керек, Арайлымды айтқан жеріне жеткізіп салдым. Негізі 700 теңгеге келіскен едік, бірақ ол қолыма 2000 теңгені ұстата салды. «Күнде кешкілік мені манағы жерден алып кетіп тұршы», деп өтініш жасады. «Бүйтіп қомақты ақша беріп тұрса, әрі банкте істесе бір пайдасы тиер» деп ойлап, қуана келістім.

Арайлыммен таныстығым осылай басталды. Кешкілік алып кетемін. Бірер рет кафеге тоқтап, тамақтандық. Соңғы жолы ол өзі коньяк ішті. Мен рөлдемін. Татып алмадым. Шын ба, өтірік пе, екі рюмкеге масайып қалды. Үйіне жеткізіп көліктен түсер кезде қолымнан ұстап, өзіне тартып: «ернімнен тұншықтырып тұрып сүйші. Еркектің құшағын аңсап жүрмін», деп жабыса кеткені.

Он жас үлкен демесең, былқылдап тұрған әдемі қыз. Несін тартынайын, үйленген адам емеспін. Өзі тіленіп тұрса, бәлсініп нем бар? Аймаласа кеттік.

Одан көліктің артқы орындығына отырып ұзақ сүйістік. Арайлым өзі шешінді, мені шешіндірді… Болар іс болды. Рас, «шөлдеп» жүрген қыз ба, Арайлым тоқтар емес. «Өте күшті жігіт екенсің. Қанша еркекпен жатып жүрсем де, сендей қуатты жігітті көрмеппін» деп үздігеді келіп.

«Алдағы сенбіде дос қыздармен жиналып «девичник» жасаймыз, саунаға барамыз. Сені соған алып барамын. Өкінбейсің. Ақшаңды береміз. Мені ырза еткендей оларды да «кайфке» бөлесең болды» деді. Не деймін, келістім. Ақшалы қыздардан бел қуатымды аяймын ба?

Көлік толы көшеде таксоват етіп, жүйкемді тоздырып жүргенше, саунаға түсіп сұлу қыздарды құшып, ақшасын алып қайтпаймын ба, деп қуанып қалдым.

https://kaz.365info.kz/zhas-zhigitterdi-korsem-zheligim-khozady-adaskhan-ajeldin-angimesi-293825
Айтқан күні Арайлым саунаға ертіп барды. «Сұлу қыздарды құшамын, орталарында «Сұлтанша» шалқып отырамын деп барғанмын. Арайлымның «подружкаларын» көріп шошынып қалдым. Елуге келген, бәлкім елуден асқан сал бөксе өңсіздеу қатындар екен. Өздері үшеу. Тек орталарындағы Арайлым ғана хордың қызындай. «Мыналармен жата алмаймын, қайтайын» деп Арайлымға сыбырлап едім: «бұлар байы жоқ, бірақ ақшалы қатындар. Біреуі менің бастығым. Кетіп қалсаң, маған режиді. Ақыры келдің, қалайда осыларды риза ет», деп өтінді.

Не керек, іштік, жедік. Қызып алған соң әлгі үш қатын маған талассын. Көкпарға тартылған лақтай болдым. Қанымды әбден ішті. Менімен жиі кездесіп жүрген соң ба, Арайлым ғана сабыр сақтады. Тек «айыздарын әбден қандыр. Келесі жолы тағы да шақырады» деп сыбырлап қояды. Әлгі қатындар әбден діңкелетті. Әрең шыдадым. Қайтарда қолыма 1000 доллар берді. Мұндай ірі ақша береді деп ойлаған жоқ едім. Жүрегім лүпілдеп кетті.

Ертесінде Арайлымды жұмыстан тағы алып қайттым. «Сен «подружкаларыма» қатты ұнап қалыпсың. Алдағы аптада сені тағы шақырамыз» деп отыр. Отказ бер ме» деді. Ішкізіп-жегізіп, онымен қоймай анадай үлкен ақша беріп тұрса неге отказ беремін? Бірден келістім.

Сөйтсем, бұлар ара-тұра кафеге, саунаға барып демалып, арасында жігіт шақырып осылайша қызық көреді екен. «Карьера» деп кезінде жүріп қалған. Бай жоқ бала жоқ. Ақшалы жерде жұмыс істейді.

Бұларды да түсінуге болады. Жағдайы болғанымен жасы келген, өңі тозған қатындарға кім қарайды? Амалсыз өздері осылайша көңіл көтереді. Ақшасын береді. Саған дейін де талай еркекпен демалғанбыз. Сені де біраз уақыт «ермек» ететін шығармыз» деген Арайлым.

«Мыналардың жанында сен қыздайсың, неге күйеуге шығып кетпейсің» деп едім, ол: «мен де карьера деп жүріп қалдым. Қазір отыз беске келдім. Менімен жасты жігіттердің бәрі үйленіп алғандар. Отбасылары бар. Дегенмен жасы үлкен болса да, бәрібір біреуге тиіп алу қажет болып тұр. Уақыт өтіп барады. Әйтпесе мына қатындардың кебін киемін», деп күрсініп қойды.

Сонымен не керек, күнде кешкілік Арайлымды жұмыстан алып кетіп жүрмін.

Подружкалары да мені сенбі сайын кездесуге шақырып, ақшаларын беріп жүр. Кейде «кәрі қатындардың қолындағы «қуыршағына» айналып кеткен жоқпын ба осы», деп ойлап қоямын.

Бірақ көзіме олар беретін доллар елестегенде – бәрін ұмытып кетемін. Әй, ақшаның құдіреті-ай.

Таксоват етемін деп жүріп осындай жағдайға тап болдым. Қайтсем екен? Әлде, кәрі қатындар менен жерігенше өстіп жүре тұрайын ба?

Жұмахан таксист
https://kaz.365info.kz/kyjeuinin-kozine-shop-salgan-nazymnyn-okhigasy-248769

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз