Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Карантиннің кесірінен Қазақстанда жекеменшік балабақшалар жабылуы мүмкін

534
Олжас Ордабаев, atameken.kz сайтынан алынған сурет

26 мамыр күні «Атамекен» жеке меншік мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерімен бейнеконференция өткізді. Бұл  ТЖ режимін тоқтатқаннан кейін ашуға рұқсат алмаған жалғыз сала. Жұмысқа шыққан ата-аналар баланы қай жерге қалдыруға болады деп ойланып жүрсе, жекеменшік балабақша басшылығы қызметкерлерін сақтап қалу үшін соңғы қорын жұмсауда.

Өйткені,  карантинге дейін мемлекеттік тапсырыс алған балабақшалар оны ТЖ кезінде де алды. 11 мамырдан кейін мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер тоқтатылды. Бұдан әрі не істеу керектігін «Атамекен» ҰКП-ның төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев айтып берді.

Тәртіпті бұзудың алдында тұр

— Олжас, карантин күні бүгінге дейін әсер етіп отырған  бизнес салаларының экономикалық жағдайы қандай?  Әсіресе, жекеменшік балабақшаларға қатысты айтсаңыз.

Қазір елімізде 428 осындай мектепке дейінгі мекеме бар. Оларға 339 мың бала барады. Ең қарапайым есеп бойынша  70 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Неліктен  біз қазір оларды ойлап, алаңдай бастадық? Төтенше жағдай режимі тоқтағанға дейін, мемлекеттік тапсырыс алған бақшаларға ата-аналар төлемінің бір бөлігін субсидиялау арқылы ақша түсіп тұрды. Балалар бақшаға бармағанына қарамастан осындай қолдау көрсетілді.  Мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады, ТЖ режимінде бұл мүмкін болды.

Енді ТЖ режимі аяқталды, ал карантин жалғасуда. Балалар бақшаға бара алмайды, ал ата-аналар олар үшін ақы төлемейді

Мемлекет егер балалар келмесе не үшін ақша аударамыз деген ұстанымға сүйенді. ТЖ режимі балабақшалар үшін міндеттемелерден қорғаныс қалқаны секілді болды. Енді ол жоқ. Несие, жалға алу, қызметкерлердің жалақысы бұның барлығы міндетті төлемдер. Ақшаны қайдан алуға болады?

Осыған ұқсас жағдай карантинге байланысты жұмысы тоқтаған бизнестің басқа да салаларында да қалыптасты.

Біз аптаның соңына дейін бірыңғай пікір қалыптастырып, білім министріне жолдаймыз. Сондай-ақ вице-премьер Ералы Тоғжанов басқаратын Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның алдында да көтереміз. Біз жекеменшік бақшаларға мемлекеттік тапсырысты карантиннің соңына дейін төлеуді жалғастыру туралы ұсыныс білдіреміз.

Әйтпесе,  вирусты жеңгеннен кейін 339 мың баланы қалдыратын жер болмауы мүмкін

Билік жергілікті қажеттілікті жабу үшін сонша мемлекеттік балабақшалар сала алмайды. Бұл тым ұзақ және қымбатқа соғады. Кейбір шектеулер алынып тасталғаннан кейін жұмысқа шығатын ата-аналар туралы да ұмытпағанымыз жөн. Карантинге байланысты жұмыс істемейтін ұйымдарды ішінара қаржыландыру жұмыскерлерді қолдауға көмектеседі.

Ақша бар, бірақ бергілері келмейді

— Балабақшаларға берілетін мемлекеттік тапсырыстың көлемі қандай?

— Күрделі сұрақ. Білім және ғылым министрлігінде сізге оның көлемін айтпауы да мүмкін. Барлық балабақша жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Жан басына қаржыландырудың бірыңғай әдістемесінің болуына қарамастан, әрбір өңір белгіленген құнынан сәл ауытқиды.

Мұнда мәселе қаржы сомасында емес, мемлекеттік тапсырыс көлемі аймақ бюджетінде алдан ала белгіленіп қояды

— Кейбір аймақтарда балабақшаларды ашқанымен, барған балалар аз. Оларды ашу туралы қаулы шықты ма?

Республиканың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бар, онда 15 адамға дейінгі кезекші топтар деген ұғым туралы айтылған. Бірақ кезекші топтар бойынша да сұрақ көп.  Бір топқа 15 бала ғана келгенімен,  директорларына бүкіл қызметкерлер штатын қамтыңдар деген міндеттеме қойылған.  100 теңгеге құны 500 теңге болатын міндеттемені қалай орындауға болады?

Сондай-ақ, карантин кезінде халықтың сатып алу қабілетінің төмендегенін ескеру де қажет

Кейбір ата-аналар балаларын қуана-қуана  кезекші топтарға берер еді, бірақ төлейтін ақшасы жоқ.  Сондықтан қазір көптеген адам балаларын ата-әжесіне қалдырып, үйден оқыту формасын тағдауға мәжбүр.  Вирустың алдындағы қорқынышы туралы да ұмытпау керек. Баланы қауіп-қатерге ұшыратудан гөрі, үйде отырсын дейді. Ата-аналардың мұндай ұстанымы да бар. Осы пайда болған мәселелердің барлығы мектепке дейінгі жекеменшік білім беру мекемелеріне соққы болып отыр.

700 мың адам жұмыссыз қалды

— Қанша балабақша жабылудың алдында тұр, қаншасы жабылып үлгерді?

Әзірге біреу жабылды немесе банкротқа ұшырады деген ақпарат жоқ. Біраз уақытқа жететін қосымша қоры бар. 42 500 теңгенің өзі адамдарға көмек болды.

Біз жекеменшік балабақшаларға сауалнама жүргізіп, осы саладағы қаржылық шығындардың нақты экономикалық көрінісі мен ауқымын зерттеуге тырысамыз. ТЖ режимінің аяқталуы және карантин шектеулерінің сақталуы – бұл жаңа шындық.

Балабақшалар секілді қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету, азық-түліктік емес  сауда саласы да осындай қиындықтарға тап болды. Ал бұл 700 мыңнан астам жұмыссыз қалған қызметкер

Төтенше жағдайды аяқталғаннан кейін олар қорғаныш мәртебесінен айырылды, ал карантиндік міндеттемелері қалды.

— Сонда кімнің  аман қалып, кімнің құрдымға кететінін маусым айы көрсете ме?

— Иә, дәл солай.

— Ал балабақшалар толығымен қашан ашылуы мүмкін? Аймақтардың бас санитарлық дәрігерлеріне шексіз құзырет берілді, олар ойларына келгенін жасай бастады. Алайда балабақшаларға қатысты мәселе әлі де белгісіз.

Өңірлік СЭҚ шешімдерінде шын мәнінде өзгешеліктер бар. Олардың барлығы республиканың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сілтеме жасайды. Бұл жақында пайда болған 60 беттен тұратын, өте көлемді құжат. Онда CОVID-19 науқастарының өсімі 7%-дан аспайтын болса, кейбір ұйымдар ашылуы мүмкін деп жазылған.

Бірақ барлық аймақта бірдей  бұл талап санитарлық дәрігерлердің жергілікті қаулыларында сақталып жатқан жоқ

Біз денсаулық сақтау министрлігімен кейбір мәселелерді өңдеуге тырысудамыз. Бірақ мұндай төтенше жағдай  елде алғаш рет орнағанын ескеру керек, барлық іс-әрекеттер нөлден бастап пысықталуда.

Ведомствоаралық деңгейде нақты шешімдер күтеміз. Дегенмен, балабақшаларға қатысты  бір ғана білім министрлігінің шешімін күтуге. Үкімет пен Қаржы министрлігі өз сөзін айтуға тиіс. Кез келген жағдайда ТЖ режимінің аяқталуы және карантин шектеулерінің сақталуы — қызметкерлер мен ұйымдарға мемлекеттік көмек төлеуді жалғастыруға негіз болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз