Сарапшылар алдағы жұмыссыздық проблемасы, осал салалар, дағдарыс кезінде бизнесті қолдау туралы айтты.
Экономист Меруерт Махмутова ХВҚ жұмыссыздық бойынша болжамы Қазақстандағы еңбек нарығындағы нақты жағдайға сәйкес келмейді дейді. Себебі 2 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде қарастырылады.
— Оңтүстік аудандарда еңбекке қабілетті адамдар өте көп, ал солтүстікте бос жұмыс орындары бар. Коронавирусқа қатысты дағдарыс еңбек нарығындағы сұранысты өзгертті.
Карантиннің себебінен ұзақ уақытқа созылған тоқырау әсіресе қызмет көрсету саласындағы жұмыс орындарының қысқаруына алып келеді
Мәселен, қонақ үй, кафе, ресторан, туризм және тасымалдау қызметінің жағдайы күрделірек. Табысы азайған адамдар шығын құрылымын қайта қарауға және бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға мәжбүрлейді, — дейді Махмутова.
Оның айтуынша, компаниялар еңбекақы төлеу қорын қысқартатын болса да, қазіргі жағдайда оларды сынға алуға болмайды.
— Жұмыс орнын сақтап қала алатындардың жалақыны қысқартуы аса маңызды мәселе емес
Карантин аяқталғаннан кейін бизнес субъектілерінің қайсысы қиындықтарды еңсере алып, жұмысқа орала алатыны маңыздырақ. Алдағы уақытта бізді мүлдем басқа жағдай күтіп тұр, — деп атап өтті экономист.
Alvin Market зерттеу агенттігінің директоры Наталья Оспанова өз кезегінде
2020 жылы жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі 14,7%-ды құрауы мүмкін, ал бұл 1,4 млн жұмыссыз адам дейді
— Сонымен қатар, бизнеске қатысты карантиндік шаралар аяқталғаннан кейін ғана нақтырақ бағалауға болады. Ресми жұмыссыздардың саны 4,8% құрады, бұл 441 мың адам. Ал Alvin Market зерттеу компаниясы жүргізген әлеуметтік сауалнамалардың мәліметтері бойынша,
жұмыссыздық мәселесі бұдан айтарлықтай көбірек азаматтарды алаңдатып отыр(17%). Жұмысқа орналасу үшін олардың 12% басқа жаққа көшіп кетуге дайын
— дейді сарапшы.
Оның айтуынша, негізгі соққы микро- және шағын бизнеске, сондай-ақ қатаң карантиндік шараларға бірінші болып тап болған аймақтарға келеді.
— Қайта қалпына келу процесі өте баяу өтеді. Каарантиндік шаралардың кезінде көптеген компаниялар штатты оңтайландырды,
ары қарай еңбек ресурстарын кеңейту мәселесін штатты кеңейту есебінен емес, тек аутсорсинг есебінен ғана қарастырады
Бұндай әдіс компаниялардың дағдарыс кезінде өздерінің шығынын барынша қысқартуына, ептірек болып, қажет болған жағдайда қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге кететін қаражатты бір сәтте азайтуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Наталья Оспанованың айтуынша, көбірек зиян шеккен салаларды бағалау үшін Alvin Market компаниясы сараптамалық сауалнама жүргізген. Нәтижесінде салалардың 4 тобы анықталған.
Дағдарыс қатты әсер еткен, баяу қайта қалпына келетін салалардың жағдайы алаңдатады
Бұлар:
Дағдарыс қатты әсер етпеген және тез қалпына келетін салаларға бұрынғы жұмыс режиме оралу қиын болмайды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы және сумен жабдықтау (кестені қараңыз) салаларын атауға болады.
Экономист Ануар Үшбаевтың пікірінше, мемлекет көптеген салаларға қолдау білдіріп, тиісінше, жұмыс орындарының қысқаруына әсер ете алады.
— Қазіргідей жағдайда біреу барлық соққыны қарсы алу керек.
Мемлекеттің қалтасы ғана қалың екені түсінікті. Экономиканың түрлі секторында мемлекеттік тапсырыстарды көбейту керек
Мемлекет қазірдің өзінде барлығын тауармен немесе қызметпен қамтамсыз етіп отыр. Бұл жұмысты ары қарай да жалғастыра беру керек.
Халықты жұмыспен қамтудың барлық мүмкін болатын бағдарламаларын жүзеге асыру керек. Бұрынан бар
«Жол картасы 2020» бағдарламасы тікелей жұмысқа орналастыруды емес, кәсіби білім беру және кәсіби қайта даярлауға кететін шығындардың орнын толтыруды қарастырған
Мемлекет республикалық бюджет арқылы жұмыс орындатрын қаржыландыра алады. Бұл жұмыс орындары аймақтық деңгейде басқарылады. Мәселен,
Яғни мемлекет есебінен тікелей жұмыс орындарын құру керек, — деп атап өтті Үшбаев.
Бизнесті қолдауға келетін болсақ, Үшбаевтың айтуынша, мұнда «теңгермешілік» болмау керек.
Ең әділ әдіс — компанияларға соңғы алты айда төлеген салығын қайтару қажет
Қанша салса, сонша аласың. Сондай-ақ отандық азық-түлік тағамдарын өндірушілерді шетелдік өндірушілердің тауарын импорттауға қосымша салық салу арқылы қолдауға болады. Бұл баға айырмашылығын тез әрі оңай реттейді.