Алматыда карантин режимі енгізілгеннен бері төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін 411 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 203-і қамауға алынды, 14-іне ескерту жасалды, 194 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік қылмыс үшін қамалғандарға арналған арнайы қабылдағыш – ішкі істер органдарының ғимараты. Мұнда соттың әкімшілік қамауға алу туралы өкімі шығарылғаннан кейін, қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды қабылдайды.
– Жалпы алғанда, бұл шағын түрме секілді, ондағы адамдарға нақты күнтәртібі белгіленген,
белгілі бір уақытта тамақ ішіп, серуендейді, ұйықтайды. Ер адамдарға да, әйел адамдарға да тәртіп бірдей.
– дейді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.
Әр камерада бейнебақылау бар, кезекші әкімшілік қамауға алынғандардан көз алмай бақылайды. Көбінесе бір камерада 10 адамнан болады. Полицейлердің бақылауымен «тордың» ішінде жүріп таза ауада серуендейді.
– Алғаш түскен азаматтар мұндағы жағдайды өте ауыр қабылдайды
Қыбырғалар, темір есіктер, торлар басып, қысып тұрғандай сезінеді. Егер бұған көршілес мас жанжалдасуға дайын тұрған адамдарды, наркомандарды, бұзақылар мен басқа да қоғамға жат әрекет ететіндерді қоссақ карантинді үйде өткізген дұрыс екенін түсінеді, – дейді Мұраталиев.