Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Карантин мен коронавирусты пайдаланып элитада ауыс-түйістер жасау керек — Қаражанов

271
Сурет: AP Photo / Mark Lennihan

Жауапкершілігі жоқ билік — бұл деспотия

— Карантин кезінде бізде бірнеше кадрлық ауыс-түйістер болды. Мәселен, жаңа министр мен қаржы министрінің жауапты хатшысы тағайындалды. Бұдан сәл маңыздырақ немесе әдеттегі басқа да тағайындаулар болды.  Оларды «жұмыс тәртібінде» болған ауыстыру дейміз бе, әлде бұндай шешімге қандай да бір жағдай әсер етті ме?

—Елде өзгерістер болып жатыр, алдымен осыдан бастайық. Бірақ жаңа өзгерістерге жаңа адамдар керек, сондықтан барлық кадрлық ауыс-түйістер соған байланысты болса керек. Көптеген сала жаңартуларға мұқтаж. Кейбіреуіне бұрыннан өзгеріс енгізу қажет еді, ал коронавирус бұл тізімді арттырып жіберді. Мәселен, бас санитарлық дәрігерді осы себеппен ауыстырды.

— Айтпақшы, оған қосымша өкілеттік қосып берді. Кейбіреулер бұл саяси лауазым болып кетті деп есептейді.

— Билікке таласқа ықпал ететін лауазым ғана саяси болып есептеледі. Мен санитарлық дәрігерлер соншалықты ықпалды болып кетті деп айтпас едім. Олардың белгілі бір міндеттер тобы бар және соған сүйеніп шешім қабылдай алады.

Пандемияға қатысты қандай да бір митинг өткізуге тыйым сала алатынын айтпағанда

Тоқаев дәрігерлердің мәртебесін көтеру керек дегенде, ол оларға саяси өкілеттілік беру туралы айтқан жоқ.

Қандай да бір органның күшеюі туралы айтқанда, олардың жауапкершілігі артатынын да түсінуіміз керек. Жауапкершілігі жоқ билік — бұл деспотия. Сонымен қатар, әдетте алғашында орган ішінде реформа жүргізеді. Содан кейін өкілеттілігін арттырады.

—Тағы нені жаңарту керек?

— Экономикалық және әлеуметтік салаларда жаңа идеялары бар адамдар қажет. Шынымен де жағдайдан шығар жолды таба алатын адам.

Экономикалық саладан бастайық. Бюджетке түсетін қаржы көлемі қысқарды, қазіргі жағдайға қарасақ, ары қарай да солай болатын секілді. Себебі біздің ғана емес, әлемдік экономика да жапа шегіп отыр. Ал мұнай бағасы «құбылып» отыр. Барреліне 30 доллар болған  кездер де болды. Бірақ кейіннен сәл қымбаттады, бірақ біздің бюджетіміз 55 доллар бағасына қарай құрылған.

Мұнай бағасы 50 доллардан қымбаттайды дегенге басым көпшілігі күмән  келтіреді

Пандемияның кесірінен өндіріс тоқтап, энергия тасымалдаушылардың қажеттілігі төмендеп, қор көлемі артуда. Әлемдік экономика алмағайып жағдайда. ХВҚ мен Әлемдік банк те осыны айтып отыр, барлығы 2020 жылдың екінші жартысында басталады.

Негізі ауыстырулар енді басталады

— Қазақстанға қайтып оралайық. Карантиннен шыққанмен, вирус жұқтырғандар саны күннен күнге артуда. Сондықтан

шектеу шараларын қайта енгізуі мүмкін

Бұл жағдайы онсыз да мәз емес ел экономикасына ықпалын тигізері анық. Экономика әртараптандырылмаған, ШОБ-тың үлесі төмен, ал мемлекеттің үлесі жоғары. Біз қақпандамыз, бұдан шығар жол қайда?

Яғни билікте бұған дейін және алда болатын ауыстырулар экономикалық, қаржылық және әлеуметтік салаларда өзгеріс қажет болғандықтан жүргізілді.

Себебі құры қол қусырып отыру дегеніміз, апатқа қарай қозғалумен бірдей

Сондай-ақ, Ақорданың уәде еткен әкімшілік реформаларын жүзеге асыратын уақыты келді.

Әлеуметтік салаға келер болсақ, бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда  жұмыссыздардың саны артып келе жатқанынын көріп отырмыз. Бұл әлеуметтік жарылысқа алып келуі мүмкін. Ал алдағы уақытта сайлау өтуі керек. Яғни әлеуметтік бағдарламаларды қайта қарап, қоғамдағы шиеленісті қалай да жеңілдету керек. Бірақ ол кез келген жағдайда болады.

Адам үйінде жұмыссыз және ақшасыз қалса да, тыныш және сабырмен отырады деп ойлау ақымақтық

Халықтың көбі 42 500 теңгеге қандай қиындықпен қол жеткізгенін есімізге түсірейікші. Немесе 2019 жылы көп балалы аналарға  берілген жәрдемақыны алу үшін қанша уақыт кезекке тұрып, қаншама құжат жинады. Бұл қазір мемлекеттік органдардың қалай жұмыс істейтінін көрсетеді. Әлеуметтік саясатты бұлай құруға болмайды, ол нақты, ашық және түсінікті болуы керек.

Жалпы алғанда, негізгі өзгерістер енді ғана басталып жатыр. Президент әкімшілігі өзгерістің қажет екенін түсінгендіктен, онда жаңа адамдар пайда болуда. Әзірше, кеңесші рөлінде болса да (мәселен, Олжас Құдайбергенов). Олар жағдайға жаңа көзбен, қоғам өкілдері мен бизнес тұрғысынан қарайды.

Кеңестен үкіметке өте ме?

— Әрине, сол ҰҚСК қазірде тек ұсыныс бере алады, бірақ оларды орындау міндетті емес. Ал ондай адамдар үкіметке барғанда (егер барса), мүлдем басқа әңгіме болады. Тоқаев біртіндеп жоспарларын іске асырады.

— Бірақ үкіметтің өзінде қазір ауыс-түйістер болып жатыр емес пе? Мәселен жаңа Қаржы министрі тағайындалды. 

— Жалпы кез келген биліктің ауысуы, президенттің жанынағы топтың да ауысуына алып келуі керек. Бұл топ кем дегенде ойын тәртібін өзгертеді.

Бірақ жағдай әзірге бұл адамдар бұрынғы тапсырмаларды игеріп кете ме түсініктсіз. Бұл алдағы жарты-бір жылдың ішінде белгілі болады. Ал егер игеріп кете алмаса, олардың жағдайы қиындайтыны да анық.

Ең үздіктерді іріктеу әдісімен ғана анықтауға болады. Дэн Сяопин айтпақшы, «тәжірибе — шындықтың критерийі». Мұнда бұдан басқа жол жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз