Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Карантин мен қашықтан оқыту ұлттық IT-менеджменттің барлық минустарын әшкере қылды

386
Шавкат Сабиров, сурет: radiotochka.kz

6 сәуірден бастап мектеп оқушылары жаңа тоқсанды қашықтан оқиды. Колледж және ЖОО-ның студенттері де солай. Америкалық платформа Zoom арқылы тәжірибе жасап көрді. Алайда интернеттің сапасының төмендігінен, ал кейбір шалғай ауылдарда ол мүлдем болмағандықтан мыңдаған мектеп оқушылары білімсіз қалады. Мемлекет өміріміздің барлық саласын белсенді түрде цифрландырып жатқанда, неліктен білім беру саласы ескерілмей қалған? Оқу жылының соңғы тоқсанын түгелдей қашықтан оқу туралы белгілі болғаннан бастап редакциямызға Алматы облысы Жамбыл ауданы Бірлік ауылының  тұрғындары жаза бастады. Ол Алматыдан 70 шақырым жерде орналасқан. Небәрі 50 үй бар шағын ауылдың балалары өздерінде тек бастауыш мектеп болғандықтан, арнайы автобустармен көрші ауылға барып оқыған екен.

Ендігі жерде қашықтан оқуға көшкендіктен, баладар мүлдем оқи алмайды, себебі елді мекенде интернет жоқ

Осы мәселеге, сондай-ақ су мен газдың жоқтығына байланысты ауыл белсенділері облыс әкімдігіне ондаған өтініш жазған. Алайда, жылдар бойы келе жатқан проблемалардың ешқайсысы әлі күнге дейін шешілмеген. Қазақстанда осындай мыңдаған елді мекен бар. Бұл ойлануға тұтарлық мәселе.

Қазақстандық Интернет-қауымдастығының президенті Шавкат Сабировтың айтуынша, ел өңірлерінде коммуникациялық инфрақұрылымды құру және оны ары қарай ұстап тұру көп қаржыны талап етеді дейді. Бұған тек «Қазақтелеком» секілді ұлттық провайдердің шамасы жетеді. Дағдарыс жағдайындағы оқытудың жаңа жүйесіне не болмақ? Кім Egov-тың «түбіне жетті»?

— Шавкат Умарович, қазір барлық оқушы мен олардың ата-анасын видео-конференцияларға арналған zoom платформасын орнатуға мәжбүрлеп жатыр. Мектептер «Күнделік» электрондық журналы арқылы жұмыс істейді. Бірақ екі бағдарлама да трафиктің өсуіне байланысты  «ұзақ жүктеледі» немесе «мүлдем тоқтап тұр». Оған қоса, Қазақстанның барлық елді мекендерінде интернет жоқ. Бұның ақыр соңы қандай болады?

— «Күнделік» жаңадан енгізілген кезге көз жүгіртсек, оған қатысты айтылған сын мен шу көп болды. Интернет жоқ жерлерде Ресейлік платформа жұмыс істемейді. Уақыт өте келе  контент ақылы, онда қауіпсіздік сертификаты жоқ деген жаңа талаптар пайда болды.  Дегенмен, үш жыл ішінде «Күнделік» барлық сыннан  өтті, күн сайын оны миллиондаған адам пайдаланады. Бүгінде бұл цифрландыруға қатысты іске асырылған ең жақсы және дұрыс  платформаның бірі. Мен осыншама пайдаланушылары мен трафигі бар басқа бағдарламаны білмеймін.

«Күнделіктің» бүгінгі проблемаларының бәрі — техникалық  проблемалар. Егер ол «ұзақ жүктеліп» немесе «мүлдем тоқтап тұрса»  барлық сұрақтар « Ұлттық ақпараттық технологиялар»  АҚ (ҰАТ) ұйымына қойылуы керек.

«Күнделік» ұлттық алаңға айналды, сондықтан ол мемлекеттің балансында тұр. ҰАТ — ұлттық цифрлық ақпараттық ресурстарға жауап беретін мемлекеттік құрылым. ҰАТ-тың дұрыс жұмыс істеуі үшін  интернет қуатының жетіспегенін egov электрондық үкімет жүйесінің жұмыс істеуіндегі проблемалар да растай түсті. Сондықтан бұл жүйлелік проблема.

16 наурызда президент елдегі төтенше жағдай туралы Жарлыққа қол қойды. Нұр-Сұлтан  мен Алматы дереу карантинге алынды. ҰАТ басшылығы 16 наурыздан бастап ойлану керек еді.

Жаппай қолданысқа арналған қандай да бір цифрлық алаңдар құратын кез келген IT- құрылымның менеджменті дұрыс жұмыс істеу үшін барлық қуатын пайдалануы керек

Egov және «Күнделік» ҰАТ-тың технологиялық алаңдардағы платформалар. Сондықтан қазіргідей дағдарыс жағдайында egov пен «Күнделік»-тің трафигі бірнеше есеге артатыны  түсінікті болды.

ҰАТ ұйымы 16 наурыздан бастап  барлық мәселелерді шешу  керек еді, оған уақыты жеткілікті болды. 3 сәуір күні қолданушылар тым көп болды деп ақталмас үшін,  қауырт режимде жұмыс істеу керек еді.

Егер дағдарыс кезінде жұмыс істей алмаса, ХҚКО-ның call-орталығының операторы болып жұмыс істесін немесе  үйіне барып ұйықтасын. Мемлекеттік ақпараттық алаңдарға жауап беретін адамдар дағдарыс кезінде жұмыс істей білуі тиіс.

Қажетті жұмыспен айналысудың орнына…

— Білім министрлігі де көпшіліктің назарын өзіне аударды. Алғашында қашықтан оқыту жүйесіне көшеміз деп жарияласа, кейіннен техникалық тұрғыдан бұл мәселені жеткілікті дәрежеде ойластырмаптық деп ойларынан айныды.

— Шындығында бір реформаны аяқтамастан екінші реформа жасап, пайдасыз жұмыстармен айналысудың орнына нақты нәтиже беретін іспен айналысу керек еді. Видеоконференция өткізуге арналған отандық онлайн-платформа да жасай алмаптық.

Zoom — америкалық жүйе деп айқайлап жатқан да ешкім жоқ, ал біз оқу процессі туралы барлық ақпаратты американың қолына өзіміз апарып бердік емес пе?

Біреулер «Күнделік» платформасына қатысты бұл ресейлік жүйе, жеке мәліметтерді қорғауымыз керек деген болатын. Бұнда «Былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледі» дегендей, не барлық шетелдік дүниеден бас тартып, төртінші тоқсанда балаларды білімсіз қалдырамыз, не отандық өнімді жасап шығарамыз. Бірақ бұрыннан қолға алынбаған іс болғандықтан оны бір-екі күннің ішінде дайындай алмайтынымыз анық. Бұдан тағы да балалар жапа шегеді. Дегенмен қазір «Күнделікті» пайдаланып жүрміз.  Ендігі жерде америкалық  zoom-ды қолданып, Қазақстанның оқу үрдісі туралы барлық ақпаратты шетелге жіберуге мәжбүрміз. Біз онда оқуға қатысты деректерді ғана емес, отбасылық қарым-қатынас, күнкөріс деңгейі, сондай-ақ оқушылардың жеке басына қатысты мәліметтерді де жібереміз ғой.

— Бірақ басқа баламасы болмай тұр ғой.

— Ешкім оны табуға тырысқан да жоқ. Алдағы екі-үш аптаның ішінде видеомен жұмыс істеу, бейне материалдар хостингі (Youtube-тен басқа) және де мәтіндік контентпен жұмыс саласында тиімді шешім (отандық) табуымыз керек. «Яндекс.Оқулықтар» жобасы қалай оңай әрі қарапайым жасалған. Қазақстандағы отандық компаниялар  да осындай жобаларды  жасай алады.

Осал тұстары

— Жеке мәліметтерді жіберуді айтпағанда, білім алушыларға ұсынылған видоеконференция платформасының басқа қандай кемшіліктері бар?

— Zoom арқылы қашықтықтан оқытуға қатысты негізгі мәселе — интернет ағынының «ауырлығы». Бұл платформа мінсіз жұмыс істеуі үшін Қазақстаннан шетелге шығатын интернеттің жылдамдығы  жоғары  болуы тиіс. Бұл «ауыр» трафик шетелдік бұлтты сервистер арқылы өтетін болады.

Егер пайдаланушы инфрақұрылым мен интернет жақсы дамыған ірі қалада тұрса, zoom жұмыс істейді. Мен өзімнің баламмен бірге оны сынап көрдім. Мысалы, Яндекс.Оқулық математиканы, қоршаған әлемді мен орыс тілін де оқуға болады. Өте жақсы материалдар берілген. Бірақ бұл аз.

Аймақтар үшін zoom-ның баламасын табу керек. Әсіресе интернеті әлсіз елді мекендердің жағдайын ойлаған жөн

Білім берудегі мақсаттарды жүзеге асыру үшін, видео сабақтардан басқа,  балама платформаларды іздеу керек. Осы оқу жылында барлығын мінсіз болады деп айта алмаймыз. Карантин себеп болып, білім беруді цифрландырамыз. Қашанға дейін аузымызбен орақ орамыз, нақты іске кірісетін сәт келді. Білім беру жүйесі цифрлық режимде жұмыс істейтін уақыт келді.

Цифрлық жүйе туралы айтқанда басқа көптеген елдерге қарағанда біршама алдамыз. Бұған бұрындары енгізілген электрондық үкімет  себеп болып отыр. Алайда аймақтарда әлі де шешілмеген мәселелеп көп.  Оларды дамытуға ұлттық оператор «Қазақтелеком» жауапты.

Күнде ертеңмен өмір сүруге болмайды…

— Стационарлық интернет болмаса,мобильді интернет барлық трафикті жеп қояды. Сондықтан бұл жерде мобильді интернет көмекке келе алмайды. Бқл қымбат және көп уақытқа жарамайды. 

— «Ауыр» zoom мемлекеттік тапсырманы шешіп жатқанда, мемлекет ұлттық операторға білім беру процесіндегі оқу платформаларын пайдалануды тарифтемеу туралы нұсқау беруі тиіс.

Біз өз өнімізді жасап шығармайынша, білім беру ресурстарының трафиг нөлдік мөлшерлемемен жұмыс істеуі керек. Ал кейіннен ел ішіндегі трафик тегін болады

Аймақтардағы стационарлық интернетке келетін болсақ, Семейден 500 километр жердегі ауылға инфрақұрылым құру коммерциялық тұрғыдан тиімсіз. Бір де бір коммерциялық ұйым ақша табу мақсатында бұған өз еркімен бармайтыны анық. Мұны тек «Қазақтелеком» секілді ұлттық провайдер  жасауы керек. Бұл үшін ол мемлекеттен субсидия алады. Ендігі уақытта  оның алдында күрделі міндет тұр.

— Неліктен «Қазақтелеком» бұл жұмысты бұған дейін атқармады?

— Аймақтарда әлсіз болса да интернет бар. Сондықтан білім министрлігіне қарағанда «Қазақтелеком»ның  бір ұпайы артық болып тұр. Дағдарысқа қарамастан, күн сайын атқарылатын жұмыстар болады.

Дағдарыс кезінде телекоммуникациялық сала қозғаушы күш болып табылады, сондықтан Интернет туралы айтатын болсақ ол жай ғана жұмыс істеудің орнына, зырылдап тұруы керек

Дағдарыстан кейін көп нәрсе түсінікті болады.

Қазіргі жағдай қалай жұмыс істеу керегін көрсетті деп ойдаймын. Адамдар кезекті рет  түсініктеме беріп, үміттендірудің орнына нақты нәтиже күтеді.

Біздің қазіргі жағдайымыз «Басқа түссе баспақшыл» дегендей болып отыр.  Енді ұлттық IT-менеджерлердің қабілеті мен мүмкіндігін сынайтын сәт келді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз