Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Карантин кезінде қалыптасқан және бұдан кейін де сақтап қалғымыз келетін алты әдет — әлеуметтік сауалнама

232
Сурет: klerk.ru

Елдер біртіндеп шектеулерді бәсеңдетіп, өмір бұрынғы қалыпқа қайта оралуда. Бірақ пандемия бізді өзгертті. Қамауда отыру соншалықты жағымды болмаса да, бірақ көптеген адам карантиндегі өмірде қалыптасқан әдеттердің кейбірін сақтап қалу керегін мойындады. «Респонденттер  карантинге дейінгі өз өмірінің стандарттары мен негіздеріне күмәнмен қарады. Яғни бұрын қарлыпты нәрсе болып көрінгеннің барлығы мағынасыз болып қалды. Өмірлік қағидалар өзгере бастады», — деп жазды зерттеушілер.

Тұтынудың төмендеуі

Шопингтен мәжбүрлі түрде оқшаулану тауарлар мен қызметтерді сатып алу  бір сәттік қанағаттанумен байланысты екенін түсінді. Оның өмірге қажетті аз.

Әйелдер косметиканың жиналып қалғанын байқаған. Ал олардың басым көпшілігі бір немесе екі рет қана қолданылған.

Киім мен аяқ киім де солай.

«Респонденттердің басым көпшілігі алдағы уақытта жаңа нәрсені сатып алмас бұрын өз шығындарына мұқият қарайтынын айтқан».

Қарбалас өмір қарқыны төмендеді

Карантин өмірімізді бітпейтін жарыс пен бәсекеге құртатынымызды түсіндірді. Қоғамда қалыптасқан стандарттар  «беделді» жұмыс орынын алу үшін оқу керек деп үйретті. Бірақ жұмыс ешқандай зейнет алып келмейтін. Алайда біз жоғары көтерілу үшін ары қарай оқып, үйренуді жалғастырамыз.

Біз уақытымызды керексіз іс-шараларға жұмсадық, себебі қоғамдағы мәртебеміз туралы ойладық. Бірақ бұдан өзін бақытты сезінген адамдар аз.

Төменде респонденттердің пікірін келтіреміз:

«Карантин мені бір сәт тоқтауға мәжбүрледі. Соңғы рет балалық шағымда осылай алаңсыз болған шығармын. Орта мектептен колледжге, колледжден магистрлік бағдарламаға. Мен осы уақытқа дейінгі өмірімнің тең жартысын алға қарай ұмтылып, қарбаласпен өткізіппін. Бірақ мәжбүрлі кідірістің соңғы екі айы «Мен қалған өмірімнің жартысын осындай қарқынмен өткізуге дайынмын ба, жоқ па?» деген ой салды.

«Пандемиядан кейінгі өмірімде біреудің алдындағы кезекті міндетімді орындауға құрылмайтыны анық»

Отбасы мен достарына басымдық берді

Жұмыс пен қарбалас өмір тоқтағанда, адамдар «керекті» нәрселерге көп көңіл бөлгенін, достарымен азырақ араласқанын түсінді. Респонденттер отбасы мен достарына деген көзқарасын қайта қарағанын айтты. Яғни, қиын сәтте жанынан табылып, қолдау көрсеткендерге».

«Мәжбүрлі оқшаулану мерзімі алдымен бір аптаға, кейіннен айларға созылып кеткен кезде, рухыңды түсірмеудің жалғыз амалы — адамдардың өзіңе немқұрайлы қарамайтынына көз жеткізу».

Күн сайын гимнастика

Бұл да кең таралған жауаптың бірі. Бұрындары физикалық жаттығу жасамағандардың көбі фитнес, жүгіру, йога және басқа да жаттығулармен айналысты. Бұл оқшаулану режимін қиындықсыз өткізуге көмектеседі.

«Үйден шығуға қандай да бір сылтау іздеп, жүгіре бастадым. Күн сайынғы жүгіру үлкен күш-қуат береді екен. Ұйқым реттеліп, көңіл-күйім жақсарды, басқа да пайдалы әдеттерді қалыптастырдым».

Үйде пісірілген тағам мен терезенің алдына өсірілген көкөністер

Респонденттердің көбі үйде түрлі тәттілер пісіре бастады.

Олардың басым көпшілігі терезенің алдына ыдыстарда жалбыз, күнзе және т.б. шөптерді өсіре бастағанын айтқан.

Бос жер телімі барлар бақша өсірумен айналысқан. Мәселен, Ұлыбританияда карантин кезінде көкөністерді өсіру бойынша сұралымдар 600 есеге артқан.

Үйден жұмыс істеу мүмкіндігі

Бүкіл әлем бойынша қойылған шектеулердің нәтижесінде адамдар үйден жұмыс істей бастады. Өзіңнің лауазымдық міндеттеріңді кеңседен тыс жерде, үйде орындауға болатынын түсінді.

«Кеңседегі жұмысқа қарағанда қашықтан жұмыс істеудің нәтижелігі төмен деген пікір аңыз болып қалды. Кейбіреулер үйден жұмыс істеудің үлкен артықшылығы бар дейді».

Респонденттер шектеулер алынған соң кеңседегі жұмысқа оралуға мәжбүр болдық деп мұңаюда. Олардың ойынша, жолға көбірек уақыт кетеді және ұйқы қанбайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз