Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Кафеде таныстық…”. Бейтаныс әйелді буындырып өлтірген қасқөй ұзақ жылға сотталды (видео)

Ол сол күні жанындағы досымен бірге туған күнін атап өткен екен. Кейін бейтаныс әйелмен танысып, үшеуі сыртқа шыққан соң таксиге отырады. Күдіктінің соттағы айтқан жауабы бойынша, жол бойында жаңа танысқан әйелмен келсіпеушілік туындайды.

Үшеуі таксиден түсіп қалса да, жанжал толастамаған. Ал әйелді ғимараттың артына сүйреп алып кеткен Асылбеков оны аяусыз ұрып, тұншықтырып өлтіріпті.

Бүгін 12 жылға бас бостандығынан айырылған ол моральдық және материалдық шығын есебінде 4 миллион теңге төлеуі тиіс. Бір айта кететін жайт, қылмыстық істе Асылбековтің қасындағы досының аты аталмаған. Бірақ судья “қылмысты жасыру” бабы бойынша бөлек қаулы қабылдағанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз