Қырғыз елінде өтіп жатқан Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары аясында екі күнге жалғасқан ақындар айтысы аяқталып, жеңімпаздар марапатталды.
Айтысқа Қазақстан мен Қырғызстаннан 18 ақын қатысты. Бас жүлдені қазақ ақыны Мұхтар Ниязов пен қырғыз ақыны Азамат Болғонбаев еншіледі. Олар 300 сомнан сыйақы алды. Теңгеге шаққанда – 1,5 миллион теңге.
І-орынды қазақ ақыны Жарқынбек Наушабеков пен қырғыз ақыны Болот Назаров ұтып алды. Олар 150 мың сомнан сыйақы (шамамен 750 мың теңге) алды.
Ал орын алмаған басқа ақындарға жұбаныш сыйақысы, яғни 50 мың сомнан (шамамен 250 мың теңге) таратылып берілді.
Мұхтар Ниязов – бас жүлдені, 1,5 миллион теңге ұтты
Жарқынбек Наушабеков – І-орынды, 750 теңге ұтып алды
Нұрмат Мансұров – ІІ-орынды, 500 мың теңге ұтты
Дидар Камиев – ІІІ-орынды, 400 мың теңге ұтты