Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Күлікбаевтың жазасы полиция өкілін өлтіру қатаң жазаланады дегенді танытады – заңгер

— Біздің заңнама өлім жазасына кесуді қарастырады, сол себепті сот мұндай үкім шығаруға қақылы. Мораторий бұл үкімнің орындалуына қатысты қабылданған. Қазіргі уақытта бас бостандығынан айырылғандардың арасында, мораториймен отырғандар жоқ. Өлім жазасына кесілгендердің үкімдері өмір бойына бас бостандығын айырумен алмастырылды. Сол себепті Күлікбаев “мораториймен” отырған алғашқы адам.

– Тергеу барысында, Руслан Күлікбаевтың “салафизм” ағымын ұстанушы екені анықталды. Былайша айтқанда, оны түрмедегілер қалай “қарсы алады” екен? Ол өлім жазасына кесілген адам ретінде бөлек камерада отыра ма? Оған қатысты қандай шара қолданылады?

— Біздің заңнамада діни сеніміне қатысты алалаушылық қарастырылмаған. Сол себепті, менің ойымша, мемлекет оған басқа қамаудағылардың бірі ретінде қарауы тиіс. Өлім жазасына кесілді ме, әлде өмір бойына бас бостандығынан айырылды ма – бәрі бір. Айырмашылық тек тәртіпте ғана, яғни қоғамның қауіпсіздігі үшін оны белгілі бір тәртіпте қамауға алу керек. Меніңше, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушылар сияқты жеке камерада отырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз