Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әй, Ресей! Мұсылмандар сені кешірмейді! Лукашенко қатты кетті (видео)

111

Видеоға қарасақ Беларусь президенті өзімен сұхбаттасуға келген тілшінің сауалдарына жауап берген. Журналист Ресейден келген болуы керек.

–  Башар Асадтың ұлымен қарым-қатынасыңыз қандай? – деген журналистің сауалына Лукашенко былайша жауап берген екен.

– Ол ма, ол өте жақсы, ол өзі жақсы адам. Рас айтамын. Онымен кездесіп көрсеңіз сізге де ұнап қалады.

– Оның Сириядағы істеп жатқан әрекеттері жайлы не дейсіз?..

– Оны істеп жатқан ол емес, оны істеп жатқан, мына сендерсіңдер (Ресейді айтап отыр, ред.) Не себепті сендер бөтен елдің ішкі ісіне араласып, Сирияға неге тиісе бересіңдер, а? Сендер мұздай қаруланасыңдар да, қыруар қаржы бөліп,  Сирияға қаруланған әскерлеріңді жөнелтесіңдер. Ешкім де, өзімен өзі келіп бүтін бір мемлекетті төңкере алмайды, біліп қой! Әсіресе, қалтасында көк тиыны жоқ адамның қолынан мұндай әрекет келмейді.

– Сириядағы оқиғалардан кейін елдің ертеңгі күні қалай болады деп ойлайсыз?

– Әрине, Сирия үшін бұл үлкен трагедия. Болашағынан бұрын, олардың әзіргі күнгі жағдайы өте ауыр, олар үшін бұл үлкен қайғы. Ал сендер болсаңдар бір мемлекеттің көзін жойып жатырсыңдар. Білсең, мұсылмандардың өзіндік заңдары болады. Оларда қанға қан, кекке кек деген жазылмаған заң бар. Сендердің кесірлеріңнен жазықсыз көз жұмған мыңдаған халықтың өлімі үшін олар кек алмай тұрмайды. Көр де тұрыңдар, сендер әлі жасаған істерің үшін жауап беретін боласыңдар, – дейді сөзінің түйінінде Лукашенко.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз