Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

«Үй беремін, Нұр Отанның мүшесімін!». Алаяқ әйел 19 отбасыны сан соқтырды

112

Күдікті өзін осы сала маманы ретінде таныстырып келген.

img_4981Аса ірі көлемде алаяқтықпен айыпталып жатқан Бағила Қадырбаева кепілдемемен бостандықта жүр. Оның ұлы анасымен бірге жасаған қылмысы үшін темір торға тоғытылған. Күдіктілер өздеріне тағылған айыптарды ішінара мойындады. Олардың үстінен аса ірі көлемде жасалған алайықтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сан соғып қалғандардың басым бөлігі Қадырбаева ханыммен жақсы таныс. Тіпті ағайын-туыстай араласы болғандарын айтты сот отырында. Апайларын «Домалақ ана» деп атап, ардақтаған жұрт, оны «НұрОтан» партиясының белді мүшесі және журналист деп білетіндерін айтты. Айта кететін жайт, Қадырбаева ханым расында газет шығарып, қоғамдық қорды басқарыпты. Сондықтан болса керек, тұзаққа түскендерді алыстан іздеп әуре болмаған.

Жәбір көрген әр жанұя 2 миллион теңгеге дейін қаражатты күдіктілердің қолына жиып берген. «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспана алып беруді уәде еткен Қадырбаева ханымға жапа шеккендер бастапқы жарна ретінде қомақты қаражат бергендерін айтады. Алданған азаматтар пәтерлерінің көк қағазы мен кілттерін де алған. Тексеру қорытындысы олардың жалған екенін анықтаған.

Анар Сүлеева

Анар Сүлеева

Сотта Шымкент қаласы әкімдігінің жоғары лауазым иелерінің аттары аталды. Талай адамды құрығына түсірген топтың артында тұрған қай дөкей? Бұл сұрақтың жауабын іздегелі бір жыл болды, дейді «Темірқазық-ой» құқықтық, ақпараттық газеттің бас редакторы Анар Сүлеева. Білікті де беделді журналист әріптесінің арбауына қалай түскенін әлі күнге түсіне алмай әлек.

– Қадырбаевамен әріптесім арқылы таныстым. Өзін журналистпін, баспасөз-хатшысымен деп таныстырғанға сендік. Сөйтсек ол еш жерде жұмыс істемейді екен. Өзіммен бірге мүгедек інім мен ағайындарымды да үгіттегенім үшін өкінемін. Қазір ойлансам, гипноз қолданған секілді. Әйтпесе, осы саланың басы-қасында жүріп, тексеру де ойға келмепті ғой. Сотта қаралып жатқандар, бұл жәбір көргендердің жартысы ғана. Мен бұл мәселені соңына дейін жеткізбей қоймаймын. Оның үстіне Қадырбаева шілде айында дәл осындай қылмысы үшін 4,5 жылға шартты түрде сотталған. Оның алдында үш рет сотты болған. Жұртқа үй алып берем, жер алып беремін деп, жұмысқа кіргіземін деп алдап келген екен, дейді Анар Сүлеева.

Жәбір көргендердің бірі – Қазығұрт ауданының тұрғыны, мектеп мұғалімі Сәрсенкүл Байдалиева. Қаладан пәтерлі болуға бекінген ұстаз, айыпталушы Бағила Қадырбаеваны ешқашан көрмепті. Ауылдасы, журналист Ғабиден Рахманбердиевке толық сенгендіктен, қаражатты соның қолына өткізгенін айтады. Оның өзі пәтерлі болуды аңсаған жәбір көрушілердің бірі.

Алданған азаматтардың аңқаулығына назданған Әл – Фараби аудандық сотының төрағасы Маратәлі Бекназаров біресе ашуға мініп, біресе оларды әжуалауға дейін барды.

Көзі ашық азаматсыздар. Сонда сенетіндей қандай құжат алдыңыздар? Ол қағазды кім берді? Кімнің қолы бар екен? Бұл қағазды кез-келген жерде мыңын көшіріп басуға болады. Тойға шақыру сияқты. Елбасына сендім дейсіз, мемлекет тарапынан қандай заңды қағаз алдыңыз? Әлде де пәтер алуға үмітіңіз бар ма? Танымаймын, көрмедім дейсіз, біреу суға секір десе, секіресіз бе сонда?

Жергілікті газеттің тілшісі Гүлмира Байғабұлова пәтер алуға ниеттенгендердің бірі. Сот барысында ол 2 миллион теңге қарыз ақша алып, Бағила Қадырбаеваға ақшаны өз қолымен бергенін айтты. Араға уақыт салып, «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы жайлы сұрастырып, күдіктене бастаған. Сенген апайы болашақ пәтерін көрсетіп, кілтін табыстағаннан кейін де күдігі сейілмеген екен. Құжат пен кілттін жалған екенін анықтағанын айтқан соң, Қадырбаева ханым ақшасын қайтара бастапты. Айыпталушының ендігі берешегі 600 мың теңге екен.

Сот барысында белгілі болғаны, айыпталушының алданған азаматтарға қарызы 90 миллион теңгеден асады. Бағила Қадырбаева мен оның қорғаушылары сотта өздерін суретке түсулеріне наразы болды. Бастары дауға қалған азаматтар айыпталушылардың ақшаны қайтарып, жазадан құтылып кетулерін де жоққа шығармайды. Қадырбаева ханымнан келесі сот отырысында толық жауап алынады. Арызданушылар алаяқтарға қолдау көрсетіп отырған биліктегі дөкейлердің қатысуын талап етуде.

img_4982

img_4989

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз