АҚШ президентінің қызы Иванка Трамп алдағы сейсенбіде Берлинде өтетін әйелдер саммитіне қатысып, Германия канцлері Ангела Меркельмен және Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагардпен кездеседі.
Иванка АҚШ президенті Дональд Трамптың ресми емес кеңесшісі болып істейді. Президент қызы Берлинде Меркель және Лагардпен бірге, Үлкен жиырмалық – G20 елдерінің әйелдері саммиті аясында кәсіпкер әйелдерді қолдау тақырыбын талқылайды.
Ақ үй жариялаған сапар жоспары бойынша, Иванка Берлинде Siemens академиясына да барады.