Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Итше тепкіледі». Біреудің сексін суретке тартам деп нем бар еді…

377

…Ол кезде бір байдың саунасында жұмыс істеп жүргенмін. Бірде кафеде достарыммен ішіп отырдық. Әңгімеден әңгіме шығып бір білгіш:

– Сен қырғын ақшаның ішінде отырсың. Бірақ сенің мына қақпақ басың істемейді, – демесі бар ма.

– Неге? – деймін екіленіп.

Ау, көке-ау. Саунаға келген қалталыларды «ойнап» жатқан жерінде суретке тартып ал. Сосын байыңа, не қатыныңа көрсетем деп қорқыт. Сонда олардың өздері-ақ саған ақша ұсынады. Соған да басың жетпей ме, дегені.

Расында, бұл керемет идея болды. Сол жерде отырып-ақ, баяғыдан бері неге солай істемегенмін деп қатты өкіндім. Әрі сол отырыстан қатты шабыт алып қайттым.

Ертесінде-ақ ағайымның жақсы бір фотоаппаратын сұрап алдым. Ойым оңға бөлініп, жоспарды жүзеге асыруға тырыстым. Есіме бірден қияқ мұртты, қоңқақ мұрын жігіт түсті. Саунаға жиі келеді. Әр келген сайын жанында әртүрлі қыз. Сволыштың талғамы да жоғары. Ертіп келетіндері өңшең сымбатты сұлулар. Ақшалы «жаңа қазақсың-ау» деп ойладым. Ақшаның құдіреті арбамаса, жүзіктің көзінен өткен жап-жас сұлулар қоңқақ мұрынға өздігінен қарай қоймайтыны анық.

Қияқ мұрт құрған торыма жұма күні кешке түсті. Жанында әппақ сазандай былқылдаған орыстың жас келіншегі. Келіншектің қолындағы жүзігіне қарап ол да біреудің қатыны екенін аңғардым. Демек, екеуін қатар үркітуге болады. Суретке тарту үшін әдейілеп үлкейтіп тескен «көзден» оларды бақылауға көштім. Екеуі бірден шешінбестен темекі тартып, әкелген ішімдіктерін ішіп, біраз отырды. Келіншек сәл де болса қымсынатын секілді. Қияқ мұрттың қолдары ұятты жерлеріне сумаңдап қайта-қайта жүгіріп кеткен сайын келіншек ақырын итеріп тастап отырды. Ішкен ішімдіктің буы ма, әлде не үшін келгені есіне түсті ме, әйтеуір келіншек те бір уақытта шешінді-ау. Екеуі аймаласып төсекке жата кетісті. Сыртылдатып, он-шақты рет суретке тартып жібердім. Бір уақытта екеуі орындарынан тұрып, парилкаға беттеді. Тағы екі-үш мәрте суретке тарттым. Одан шығып бассейнге түскендерін де түсірдім. Қияқ мұртта шаршау жоқ. Ұзаққа сілтеді. Келіншек те одан қалысар емес. Түу, сайқалдың мысықша мияулап, ыңқылдағанын көрсең. Жаман болдым. Бір уақытта әбден қызара бөрткен екеуі саунадан шықты-ау. Қоштасып кетіп бара жатқандарға еріп, сыртқа шықтым.

Сәл кідіре тұрыңдар, әңгіме бар, – дедім өзімше сыздай сөйлеп. Қияқ мұртқа мұным жақпады-ау деймін:

– Уақыт жоқ, айтарыңды тез айт, – деп дүңк етті.

Мынаны білесіңдер ғой, дедім қолымдағы фотоаппаратты көрсетіп, – Мұны фотоаппарат дейді. Мұның ішіндегі пленкаға сіздердің секс ойнап жатқандарыңыз аз-кемі жоқ тура отыз алты кадрге түсірілді. Бұл арнайы заказ… – дей беріп едім, қияқ мұрт:

Не дейсің, кімнің заказы? деп шаңқ етті. Дауысы қандай ащы еді иттің. Өзім сасып қала жаздадым. Жанымдағы келіншек бетін басып еңкілдеп жіберді:

– Біттім-ау, енді қайттім? Жүрегім сезіп еді бір жамандық-ты.

Әй бір солқылдасын. Төсекте ыңырсығанда сондай едің, енді солқылда, солқылда деп қоямын ішімнен.

Кімнің заказы, не керек сендерге? – қияқ мұрттың да өңі өзгеріп кеткен. Тіпті дауысы дірілдеп кетті ме деймін.

– Мәни, мәни керек, – дедім бетім былш етпестен.

– Қанша?

Неғұрлым жомарттық танытсаң, бұл пленка соғұрлым тез жойылады, – дедім шіреніп.

Сұрағанын бер, әйтпесе мені байым құртады, – деп келіншек қияқ мұртқа жабысты.

Қанша? – деді қияқ мұрт түсін суытып. Тісін шықырлатқандай болды.

– Үш мың американдық көк қағаз, – деп қойып қалдым.

Давай, кешкі сағат онда күт. Алып келемін. Сосын пленканы менің көзімше өртейсің, деді ол.
https://kaz.365info.kz/k-jeuimni-k-zine-sh-p-salamyn-246658
Сонымен қойшы, олар кетті. Үлкен ақшадан дәмелі болып мен қалдым. Кеш батсашы.

Жүгіріп барып пленканы жудырып әкелдім. Өйткені одан өздерін көрсін, сенімді болсын дегенім де. Саунаға симай есік алдында шайқалып жүрдім де қойдым. Қияқ мұрт сөзінде тұрды. Тура онда темір тұлпармен саунаның алдына келіп керіліп тұра қалды. Үнсіз келіп қолыма қағазға ораулы бірдеңені ұстата салды да:

– Сана, – деді.

Өмірі үш мың доллар ұстамаған адаммын ғой. Қолым дір-дір етіп, екі қайыра санадым. Тура. Сосын пленканы қолына ұстаттым. Жарыққа тосып жыбыржыбыр суреттерге қарап өздерін таныған ол басын бір шайқап жымиып қойды да, шалт қимылдап бос тұрған мені жуан жұдырығымен құлаштай келіп бір перді. Көзімнің оты жарқ етіп шалқамнан түстім. Жандалбасалап тұра беріп едім, өкпемнен теуіп тағы құлатты. Сол-ақ екен, жан-жақтан тепкілегендер көбейіп кетті. Байқамаппын, машинаның ішінде тағы екі-үш жігіт отырыпты ғой.

Әкеңді… шмо, суретке түсіргішсің ғой, ал түсір, ****, – деп қияқ мұрт керіліп кеп тебеді.

Бет-аузым қызыл-ала қан, есім кіресілі-шығасылы. Әлгілер мені итше тепкіледі. Есімнен танып бара жатып көргенім, сауна қызметшілері шыр-пыр болып арашалап жүр, саунаның қожасы келіп қалған-ау деймін. Ол қияқ мұртпен әлденеге айғайласып жатқандай көрінді.

Есімді ауруханада бір-ақ жидым. Басыма зақым келген екен, екі қабырғам сыныпты. Бір ай жатып, әрең шықтым. Сүйретіліп, тағы сол саунаға барғанмын, жұмыс іздеп. Қожайын бұлқан-талқан болып әрең алды.

Сөйтіп, бопсалап ақша табамын деп итше тепкілендім. Өлтіріп кете жаздады иттер. Ақша да жоқ, дым да жоқ, тектен тек екі қабырғам сынып мен қалдым.

Құдайға шүкір, сол жұмысқа қайта тұрдым ғой. Қазір ондайды қойдым. Тек саунаға келгендерді тесіктен сығалау ғана қалды. Қияқ мұрт қайтпайды екен. Әлі де саунаға келіп жүр. Ол машинадан түсіп жатқанда көрінбей өзге бөлмеге кіріп кетемін. Біртүрлі, қорқатын сияқтымын.

Міне, бұл менің 2000 жылдары бопсалаумен айналысып, жеңіл ақша тапсам деген жоспарымның күл-талқан болған тұсы.

Мұны неге жазып отырмын? Өйткені бопсалап ақша табатындар әлі де көп. Бопсалаудың да түрлі жолдары бар. Тек сіз де сондай бопсалаудың құрбаны болып кетпеңіз деген ой еді…
https://kaz.365info.kz/kyjeuinin-kozine-shop-salgan-nazymnyn-okhigasy-248769
Жолдасбек Төре

Бұл видео VK-дағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз