Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ісіне адал арыстық: банк күзетшісі жарылыс кезінде жұмыс орнын тастамаған

283

Арыстағы жарылыс кезінде жұмыс орнын тастап кетпеген күзетші оқиғаның қалай болғанын ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

«Біз тәртіп бойынша басшылықтың рұқсатынсыз ешқайда кетпеуіміз керек. Өйткені өзіңіз білесіз, банктің жұмысы өте жауапты. Сондықтан да мен жарылыс болып жатқан кезде, қауіпті білсем де өз жұмыс орнымда болып, басшылықтан нұсқаулық күттім»,- дейді  Пернехан Бекмырзаев.

Арыстық тұрғын өзінің бұл ісін батырлық деп есептемейді.

«Өйткені менің орнымда болған әрбір адам осылай істейді, жалпы кәсіпке деген адалдық болу қажет»,- дейді ол.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болдыСалдарынан үш адам қаза тапты  – Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 170-ке жуық адам зардап шекті.  20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді. Бірқатар өңірде шұғыл желілер құрылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз