Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Ішкі нарық: ет мәселесі қиындық туғызуда

213
Фото: tebiz.ru

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі шамамен 85%-ды құрайды. Бұл ретте импортқа тәуелділік құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік пен сүзбе, алма, қант және балық бойынша сақталып отыр, алайда ілгерілеу байқалуда.

Мысалы, ішкі нарықты шұжық өнімдерімен қамтамасыз ету 60,5%-дан 70%-ға дейін, құс етімен қамтамасыз ету 58%-дан 75%-ға дейін көтерілді. Үкімет отырысында атап өтілгендей, аграрлық-өнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды іске асыру, оның ішінде ағымдағы жылы ғана алты ет комбинаты мен 13 құс фабрикасын пайдалануға беру осы оң нәтижеде басты рөл атқарды.

Ресми бағалаулар бойынша, осы жобаларды іске асыру есебінен импортқа тәуелділік бір жылда 15%-ға қысқарды. Сонымен қатар, шұжық өнімдерін шығару 9,5%-ға (68,4 мың тоннаға дейін), құс еті – 27%-ға (282,1 мың тоннаға) дейін өсті.

АӨК өнімдерінің экспортына келетін болсақ, ағымдағы жылдың тоғыз айында ақшалай құнында оның көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға ($2,6 млрд-қа дейін), оның ішінде өңделген өнім – 2,4%-ға ($950,5 млн-ға дейін) ұлғайды. Бұл ретте ауыл шаруашылығы экспортының жалпы көлеміндегі соңғысының үлесі тек 37%-ды құрады.

2021-2025 жылдарға жалпы сомасы 4,4 трлн теңге болатын 934 инвестициялық жобадан тұратын пул жасалды. Оның ішінде ет бағыты бойынша (бордақылау алаңдары, репродукторлар, мал сою цехтары, ет өңдеу зауыттары) – 1 трлн теңгеге 301 жоба, құс шаруашылығында – 373 млрд теңгеге 47 құс фабрикасы, сүт шаруашылығында – 452 млрд теңгеге 186 жоба.

Деректер сәйкес келмейді

Статистика көрсеткендей, ет отандық өнімнің 86,6%-ына келеді, ал импорт үлесі 13,4%-ды құрады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 10 айында ет өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4%-ға (279,7 мың тоннаға дейін) артты.

Алайда, осы деректерге қарамастан, олардың сыртқы сауда бойынша есептеулерінен қаңтар-қазан айларында Қазақстанға жалпы сомасы $326,1 млн. теңгені құрайтын 206,1 мың тонна ет және ет өнімдері әкелінгені байқалады: Ал осы өнімдері бойынша экспорт $67,5 млн. теңгеге тек 31,2 мың тоннаны құрады.

Импортталған еттің негізгі көлемі құсқа тиесілі – 125,1 мың тонна ($124,1 млн). Одан кейін ірі қара малдың еті (тоңазытылған, жас және мұздатылған) – 17,5 мың тонна ($59,9 млн), шошқа еті – 5,2 мың тонна ($12,6 млн), жылқы еті – 2,2 мың тонна ($4,9 млн). Қой еті $110,7 мың теңгеге ғана 30,8 тонна әкелінді, ағымдағы жылдың 10 айында Қазақстанға ет импорты жалпы сомасы $200,6 млн-ға 150 мың тоннаны құрады.

Қазақстандық ет экспортында биылғы жылы оның негізгі бөлігі $34,4 млн. сомаға 21,9 мың тонна құс етіне тиесілі болды. Сиыр еті – 5,5 мың тонна ($22,7 млн), қой еті – 1 мың тонна ($5,7 млн), шошқа еті – 0,4 мың тонна ($0,8 млн) экспортталды, ал жылқы еті статистикада экспортталмағаны көрсетілген.

Қазақстаннан ет экспортының жалпы көлемі $63,6 млн сомаға 28,8 мың тоннаны құрады. Осылайша, нақты мәнде импортталған ет көлемі оның экспортынан 5,2 есе, ал ақшалай есептегенде 3,2 есе асады.

Қайта өңдеу ақсаңдауда

Қазақстанға $125,5 млн сомаға әкелінген 56 мың тонна ет өнімдерінің ішінде негізгі үлесі шұжықтар мен соған ұқсас өнімдерге (38,5 мың тонна, $88,8 млн), еттен, ет өнімдерінен немесе қаннан жасалған дайын немесе консервіленген өнімдерге (14,6 мың тонна, $30,5 млн) тиесілі.

Ет өнімдерінің экспорты $3,9 млн сомасында тек 2,4 мың тоннаны құрады. Қазақстанға әкелінген ет өнімдерінің нақты көлемі олардың экспортынан 23,3 есе, ал ақшалай көлемі 22,8 есе асып түсті.

Салыстыру үшін айта кетейік, өткен жылы Қазақстанға жалпы сомасы $369,6 млн болатын 269,3 мың тонна ет және ет өнімдері импортталды, ал экспорт 27,5 мың тоннаны ($61,7 млн) құрады.

Көріп отырғандарыңыздай, ет статистикасында ерекше түбегейлі өзгерістер болған жоқ, бұл соңғы уақытта айтарлықтай ішкі нарықтағы бағаның өсу себебін түсіндіре алмайды.

Ресми деректер бойынша, ағымдағы жылдың басынан бастап сиыр еті 15%-ға, қой еті 21%-ға қымбаттады. Бұл ретте ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі төмен — 50% деңгейінде қалып отыр , ал 10 айда 173 мың тонна ет өңделді — ауыл шаруашылығы министрлігінде нақтыланғандай, оны ет өндірісінің жалпы көлемінің 18%-ы.

Нәтижесінде сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жүргізу нәтижесінде Қазақстаннан ірі қара және ұсақ малды алты ай мерзімге әкетуге толық тыйым салуға тура келді.

Ет және ет өнімдері бойынша Экспорт және импорт, 2021 жылғы қаңтар-қазан айлары (алдын ала деректер)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз