Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Ішкі істер департаменті – үздік мемлекеттік орган

«Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында өткен қорытынды кеңесте төрағаның бірінші орынбасары Артур Молдағұлов аталмыш департамент бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләловке награда табыстады.

Грамота мен «Партияның қоғамдық қабылдауының жұмысына қосқан белсенді үлесі үшін» деген ойып жазылған арнайы сыйлық департаменттің мұражайының арнайы экспозициясына қойылмақ. Себебі, ведомство тарихында департамент тұңғыш рет жұртшылықпен етене жүргізген жемісті жұмысы үшін осындай мәртебеге ие болып отыр.

Марапаттау сәті

Жыл басынан бері департамент бастығы Берік Біләлов партияның облыстық филиалында 5 рет азаматтарды қабылдау өткізді. Биылғы жыл полиция ведомствосында аудандық бөліністер жылы болып жарияланды. Әр ауданда көшпелі кеңестер, халық алдындағы есеп беру кездесулері, азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.

Полиция ведомствосының басшысы 50 артық ауылдық округке барып, оның қабылдауында 258 адам болып қайтты. Әр өтініштер, өзекті мәселелер оң шешімін табу үшін құқықтық деңгейде қыруар жұмыстар атқарылады. Полиция ведомствосының осындай қоғамдық маңызы зор шаралардағы ролі елеусіз қалмады.

Департамент бастығы награданы қабылдау кезінде партиялықтарға өзара іс-қимыл үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта ішкі істер органдары жұмысында халықтың мүддесін басты назарда болатындығын сендірді.

– Келер жыл Жергілікті полиция қызметінің жылы деп жарияланды. Алда облыс халқының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар тұр, оны мінсіз атқару үшін халықпен тығыз қарым-қатынас жасауды жалғастыра береміз…», – деп қорытындылады полиция генерал-майоры Берік Біләлов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз