Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Іш-киіммен түскем”. Лидия Каденованың экс-келіні жеке өмірі жайлы айтқысы келмейтінін айтты

177

Тәжірибесінің жоқтығына қарамастан, бьюти блогерге басты рөлдердің бірі бұйырған. Айымның өзі, келісті келбетім Бүркітке ұнап қалғандықтан мені таңдаған болуы керек деп топшылайды.

“Бұрыннан бері, менің инстаграмымды оқиды екен негізі. Сонымен, түр жағымнан ұнатқан-ау… Қазақстанда бір актрисаларды түсіре береді, бір актрисаларды көре береміз. Ол жаңа актерларды, жаңа актрисаларды түсіргісі келген”, – дейді Айым Алтынбекова.

https://kaz.365info.kz/byrkittin-lidiya-kadenovanyn-kelinimen-konil-zharastyrgany-ras-pa-288409

Түсірілім алаңында алғаш рет бағын сынаған жас актриса, қиындықтардың болғанын жасырмайды.

“Енді, Бурабайды білесіздер ғой, салқын, күннің суығында купальникпен шомылып, іш киіммен жүгірген кездер де болды”, – дейді Айым.

Фильмнің түсірілімінен соң, Айым инста-парақшасынан күйеуінің суреттерін мүлде өшіріп тастайды. Фолловерлері Айымның бұл әрекетін жарымен ажырасты деп топшылаған. Айымның өзі бұл жайында жақ ашуға құлықсыз.

 “Мен жеке өмірім жайлы айтқым келмейді, ол туралы қозғамай-ақ қойсақ болады”, – дейді Айым.

https://kaz.365info.kz/ras-eken-kadenovanyn-kelini-otandykh-anshimen-konil-khosyp-zhyr-me-video-285006

Жеке өмірін жасырғанымен, Айым киногерлер тарапынан түрлі ұсыныстар түсіп жатқанын ашып айтты.

“Ақан Сатаевтың «Бизнесмены», «Томирис», «Инстгарамщица» деген секілді, “Қазақфильм” түсіріп жатқан киноларға шақырту алдым. Кейбірінен өзім бас тарттым, өйткені мына жерде басты рөл бергеннен кейін, эпизодқа түскім келмейді”, – дейді Алтынбекова.

Негізгі рөлді ұсынса, бас тартпаймын деген Айым, бұдан былай актерлік мансабына мықтап кіріспек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз