Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Іш киімін шешіп…”. Атышулы Байзақованың әпкесі клубтағы оқиғаның мән-жайын айтты

510

Оның сөзінше, клубтың көңіл көтеретін бағдарламасы алдын ала әзірленеді, бұл конкурс бағдарламада болмаған. Ал қыздар би кезінде шешіне бастаған.

“Бәрі биден басталды, жұрттың сұрауымен бірінші нөмірдегі қыз іш киімін шеше бастады, біз тек билеп беруін сұраған едік.

Видео Интернетке тарап кетті. Бұл жерде Айжанның кінәсі жоқ”, – деді Байзақова.

Жібек Байзақова Айжанның соққыға жығылғанын растады.

https://kaz.365info.kz/suki-dejdi-bajzakhovanyn-myna-sozi-zhelini-shoshytty-18-295652

“Расымен оған шабуыл жасалды. Конкурс өткен соң келесі күні болды бұл оқиға, бірақ ауыр жарақат алмағандықтан органның көмегіне жүгінбедік. Бұны видеоға түсіріп, желіге жүктеп жібергендері, өкінішті”, – деді Айжан Байзақованың әпкесі.

Жібектің сөзінше, шешінген қыз Айжанның айтқанын тыңдамаған.

“Инстаграмына қарап отырып, оны бәрі сынап жатыр, жарайды. Өз қалауынша өмір сүріп жатқаны үшін оны бәрі жек көреді. Бірақ бұл – оның өмірі, оған қадалып қалудың қажеті шамалы. Конкурсқа қатысты айтар болсам, ол қыздарды мәжбүрлеген жоқ, керісінше, “қыздар, ертең ұяласыңдар ғой, не істеп жатсыңдар?” деді. Олар мас емес екендерін, не істесе де өздері білетіндерін айтты. 50 мың теңгені жеңіп алған қыз ақшаны залға таратып тастады. Ол әдейі шешінді. Не үшін шешінгенін түсінбедім. Оның (Айжанның, – ред.) жазаға тартылғаны дұрыс емес”, – деді Байзақова.

https://kaz.365info.kz/kok-ala-khojdaj-ajzhan-bajzakhovany-sabap-tastady-foto-295550

Айта кетейік, Instagram жұлдызы Айжан Байзақова қоғамдық орында этикалық норманы бұзатын шара өткізгені үшін үш күнге абақтыға жабылған болатын.

Бұл мақала ВК-дағы „Атамның басы-ай„ тобында қызу талқыланып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз