Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Исекешев адамдардың өмірін қиған жол апаттарының себебін табуды тапсырды

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қалалық ІІД басшысы Марат Қожаевқа тез арада соңғы жол апаттарының себептерін саралап, оларды жою бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

“Қауіпті жол өткелдерін жою бойынша жұмыстарды жеделдетіп, бұл мәселені тез арада шешу керек”, – деді Астана әкімі.

26 қаңтар күні кешке Астанада Амман көшесіндегі “Мечта” дүкеніне қарама-қарсы бетте жол апаты болып, үш адам қаза тапты.  “ВАЗ” автокөлігі Toyota Runner жол талғамайтын көлігімен соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, ВАЗ жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

Ал 25 қаңтар күні кешке Сарайшық көшесіндегі көпірде болған жол апатынан жас жігіт қаза тапты. “ВАЗ-21140” жүргізушісі Сарайшық көшесі бойындағы көпірмен келе жатып, көктайғақта рөлге ие бола алмай қалады да, қарсы бағыттық қозғалыс жолағына өтіп кетіп, Toyota Camry көлігіне соғылады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз