Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
440
-2.23
EUR
474
-1.83
RUB
4.82
-0.04

Ірі темекі өндіруші компания «түтінсіз болашаққа» 11 миллиард долларға жуық қаражат инвестициялады

2008 жылдан бастап компанияның инновациялар мен түтінсіз өнімдерді әзірлеуге жұмсалған жиынтық инвестициясы 10,7 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал әлемдегі PMI түтінсіз өнімдерін ересек тұтынушылардың болжамды жалпы саны Ресей және Украина нарықтарын есепке алмағанда 24,9 миллионға жетті. Бұл адамдардың барлығы жанбайтын зияны азырақ баламаларға артықшылық бере отырып, никотинді – темекіні пайдаланудың ең зиянды түрінен бас тартты.

 «Біз 2025 жылға қарай көп жағдайда темекі түтінінен азат компания болуға және түпкі нәтижесінде темекіден біртіндеп бас тартуға ұмтыламыз. Дегенмен мұндай ауқымдағы және күрделі өзгеріске бір сәтте қол жеткізу мүмкін болмаса да,  оның мүмкіндігінше тезірек іске асырылуына талпынамыз. Құрылымдық өзара әрекеттесудің арқасында біз маңызды және тиімді жұмыс жасайтын өзгерістер қарқынын тездетеміз және трансформациямызды біржолата аяқтаймыз», — деп атап өтті PMI бас атқарушы директоры Яцек Ольчак.

PMI 2016 жылы өз бизнесінің трансформациясы туралы жариялағаннан бері алдына өршіл мақсат қойды – жану процесі жоқ инновациялық өнімдермен алмастыра отырып, темекі өндіруден толық бас тарту, бұл жолда компания көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Мысалы, 2022 жылдың нәтижелері бойынша өндіруші таза түсімнің 32,1%-ын түтінсіз өнімдерден алған. Салыстыру үшін, 2021 жылы бұл көрсеткіш 29,5%-ды құраған болатын.

Әлеуметтік аспектіге келетін болсақ, 2022 жылы компания жастардың тікелей және жанама бөлшек сауда арналарына кіруінің алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастырды. Сондай-ақ, тұтынудан кейінгі қалдықтарды қысқартудың маңыздылығын ұғына отырып, PMI өз құрылғылары мен шығын материалдарын қайтару бағдарламаларын жүзеге асыруда прогреске қол жеткізді және электрондық құрылғыларды жөндеу мүмкіндіктерін кеңейтті. Кезінде іске қосылған бағдарлама тұтынушыларға қолданылған құрылғыны қайтару мүмкіндігін ұсынады, осылайша қоршаған ортаны қорғауға ықпал етеді. Пайдаланудан шыққан құрылғылар PMI қайта өңдеу орталықтарына жеткізіледі. Егер 2020 жылы нарыққа шыққан түтінсіз құрылғылардың 48%-ы жиналған болса, биылғы жылы орталықтандырылған қайта өңдеу орталықтарына қайтарылатын IQOS құрылғыларын кәдеге жарату коэффициенті 86%-ды көрсетіп отыр.

Ұсынылған баяндама бойынша, 2022 жылы PMI  климаттық, орман және су қауіпсіздігі үшін CDP бағасын үш есеге арттырды, бұл жағдай үшінші жыл қатарынан орын алып отыр. CDP – бұл бүкіл әлем бойынша жыл сайын компаниялардың қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізетін тәуелсіз ұйым. Осы мақсатта CDP компаниялардың қоршаған ортаға әсеріне және осы салада әрекет етуге дайындығына қатысты компанияның ашықтық эволюциясы туралы нақты түсінік беретін деректерді жинайды және бағалайды.

«Филип Моррис Интернешнл» жұмысының және Қазақстандағы жеке бизнес қорытындысы әлемді түтінсіз болашаққа жетелеу бойынша өз міндеттемелерімізге адал екенімізді және алдағы он жылдықта түтінсіз әлемге келуге барынша күш салатынымызды тағы да көрсетеді. Бірақ бұл үшін бізге қоғам мен мемлекеттің қолдауы қажет – сонда ғана біз бірлескен күш-жігермен  осы мақсаттарға қол жеткізе аламыз және жанатын өнімдерден құтыламыз» —деп атап өтті «Филип Моррис Қазақстан» сыртқы коммуникациялар жөніндегі директоры Олжас Бибанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз