Иранның батысындағы Керманшах провинциясында магнитудасы 5,1 болған жер сілкінісінен сардап шеккендер саны 51 адамға жетті, деп хабарлайды IRNA агенттігі жергілікті әкімшілік өкіліне сілтеме жасап.
Магнитудасы 5,1-ге тең жер сілкінісі кеше, сенбіде күндіз Иранның батысындағы Сере-Поле-Захаб қаласында болған. Зілзала кіндігі 8 км тереңдікте орналасқан. Жер асты дүмпулері көршілес — Гасре-Ширин, Гилан-э-Гарб, Далаху, Исламабад-Абад-Гарб қалаларында сезілді. Дағдарыс орталығы қызметінің басшысы Реза Махмудианның агенттікке мәлімдеуінше, зілзала салдарынан Касре-Ширин қаласында 41 адам, Гилан-э-Герб қаласында тағы тоғыз адам зардап шеккен.