Апатқа ұшыраған ұшақ ішіндегі кейбір адамдардың аман болуы мүмкін.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Ұшақ Иранның Исфахан провинциясындағы Семиром қаласының маңында апатқа ұшыраған.
“Ұшақ Тегеран – Ясудж рейсін орындаған. Түрлі мәліметтер бойынша, бортта 60-тан аса адам болған”, – делінген жарияланымда.
Press TV мәліметтері бойынша, ұшақтың апатты жағдайда ферма маңына қонғанын көргендер бар, сондықтан апаттан аман қалғандардың да болуы мүмкін.