Иранның солтүстік-батысында содырлар бақылау бекетіне шабуыл жасап, 8 шекарашы қаза тапты.
Әзірге қаскөйлер қолға түскен жоқ деп хабарлайды Би-би-си агенттігі.
Кейбір мәлімет бойынша, қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Оқыс оқиға Батыс Әзербайжан провинциясында болған. Қастандықты нақты қай топтың содырлары жасағаны белгісіз.
Алайда жергілікті биліктің хабарлауынша, өңірде «Шығыс Күрдістанның өзін-өзі қорғау жасағы» әрекет етеді. Бұл топтың мүшелері аймақта үнемі лаңкестік әрекеттер пен диверсия ұйымдастырып келеді.