Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Иран карантин режимін тоқтатпақ, бірақ жағдай әлі де ауыр

245

Ресми сандар мен нақты жағдай

Ресми деректерге сәйкес, 2020 жылдың 14 сәуіріне Иранда:

  • 74 877 — коронавирус жұқтырған,
  • 4 683 — қайтыс болды,
  • 48 129 — сауықты,
  • 3 600 — ауыр халде.
  • Барлығы 287 мың тест жасалды.

Тегерандағы университет магистранты Захраның айтуынша,  Ирандағы ресми статистиканың деректері айтарлықтай төмен, іс жүзінде жағдай әлдеқайда нашар. Өлім-жітім статистикасын азайту үшін коронавирустан қайтыс болған адамдарды басқа аурудан көз жұмды деп жазуда.

Захра, жақында батыстық басылымдардың бірінен Ирандағы халық үкіметтің карантинді сақтау бойынша айтқан ұсыныстарын әлі де елемеуде деген жолдарды оқыдым. Ирандық Жаңа жылда 1,2 миллионнан астам адам жолға шықты деп жазған. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады. Халықтың арасында дүрлігу бар ма?

— Олай емес. Батыстық баспасөз барлығын асыра сілтеп жазғанды жақсы көреді. Әрине карантинді елемеген адамдар да бар. Бірақ мұнда  халық туралы айтудың керегі жоқ.

Мемлекет басынан бастап вирустың қауіптілігіне аса мән берген жоқ. нәтижесінде халық жапа шекті

Ешқандай ақпарат берілмеді, нақты статистикада жарияланбады. Бізден шындықты жасырды.

Наурызға қатысты айтсам… Дәстүр бойынша бұл күндері біздер бір-біріміздің үйімізге қонаққа барамыз. Бізде бұл мерекені атап өтетін арнайы орындар жоқ. Ата-анамызға, туыстарымызға қонақа барып қана мерекені тойлаймыз.

Карантин кезінде де көптеген адамдар туыстарын Наурыз мерекесімен құттықтау үшін жолға шықты. Халық арасында қандай да бір дүрлігу болды деп айта алмаймын.

Екі аптаға созылған карантин

—  Ирандағы карантин қалай өтеді?  

—  27 наурызда бір аптаға карантин жарияланды, кейін тағы бір аптаға ұзартылды.

Бірақ айта кету керек, ол Қытай мен басқа елдердегі сияқты қатаң болған жоқ. Бізге үйде отырыңдар деп кеңес берді, бірақ шықпаңдар деп талап еткен жоқ. Кәсіпорындар, көптеген дүкендер мен қоғамдық орындар жабылды. Тек азық-түлік дүкендері жұмыс істеді. Қалаға кіру және шығу жолдары бұғатталды.

Тәртіп бұзушыларды жазалады. Атап айтқанда, басқа аймақтың нөмірлері бар машина жүргізушілеріне айыппұл салынды. Айыппұлдың көлемі шамамен $80 болды.

Бұндай тыйым салу шаралары халықтың наразылығына тап болды. Адамдар: «Егер біз жұмыс істемесек, күнімізді қалай көреміз?» деді. Бұған жауап ретінде жақында үкімет:

сенбіден, 18 сәуірден бастап кейбір кәсіпорындар жұмысын жалғастырады, ал кей қалалардың шекаралары ашылады деді. Бірақ бұл жағдай жақсарғандықтан емес

Менің ойымша, үкіметтің халықтан қорқып отыр.

—  Захра, мен ирандықтар жаппай қасиетті орындарды тілімен жалап жатыр, ал дәрігерлер оларды үнемі зарарсыздандырып тұрады деп оқыған едім. Бұл шынымен солай ма?

— Иә, бұндай ақпаратты батыстық баспасөз әлеуметтік желілерге таратып жіберді. Бірнеше жағдай болған да шығар, бірақ

карантин басталғалы бері елдегі барлық қасиетті орын жабық

Коронавирус пен саясат

— Оппозициялық журналисттер Иран билігін деректерді жасырды және ақпарат бермеді деп кінәлап отыр.

— 11 ақпанда Иран революция күнін атап өтеді. Осы күні адамдар алаңға шығып, Американың туын жағады және т.б. қаршылық шараларын өткізеді. Эпидемия туралы мемлекет мерекеден кейін жариялау туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде екі күннің ішінде мыңдаған адамдар ауру жұқтырды!

— Неліктен Кум қаласын Ирандағы аурудың ең алғашқы ошағы деп есептейді?

— Кум қаласында әлемнің түпкір-түпкірінен келген студенттер оқитын ірі ислам университеті бар. Көптеген Қытайлықтар ислам дінінен сабақ алады. Біздегі көптеген адамдар  Иранға коронавирусты солар әкелді деп есептейді.

Ирандық «Махан Эйр» әуе компаниясы Ресейдің қытайлықтар үшін әуе рейстерін жауып тастағанын пайдаланып, транзиттік жолмен Ресей мен Ирандағы студенттерді Қытайға апарды.

Екінші толқын болады

— Сарапшылар алдағы уақытқа  қандай болжам жасап отыр?

Дәрігерлер ең оптимистік болжам бойынша барлығы тағы бір ай жалғасады дейді. Бірақ екінші толқын болады.

Көптеген дәрігер Президенттің 18 сәуірден бастап кәсіпорындардың бір бөлігін және қала шекарасын ашу туралы шешімін қате деп санайды, себебі бұл ауру жұқтыру деңгейінің өсуіне әкеледі.

Ресми деректер бойынша,

Иранда бір ай бойы күн сайын 150 адам қайтыс болды! Жақында ғана бұл көрсеткіш 98 адамға дейін төмендеді

Бірақ дәрігерлердің болжамы бойынша, сенбі күнінен бастап вирус жұқтырған және қайтыс болған адамдардың саны қайтадан өсуі мүмкін. Жағдай бұрынғыдан да нашар болуы мүмкін.

Үкімет халықтық наразылығынан қорқып, кәсіпорынды ашу туралы шешім қабылдады

Кейбір сарапшылар індет тағы екі жарым айға созылуы мүмкін деп болжайды.

Карантиндегі экономика

— Иран экономикасы үшін карантиннің салдары қандай?

Иранға көп жылдар бойы экономикалық санкциялар салынып келеді. Негізгі кіріс мұнайды сатудан түседі. Ал карантин енгізілгеннен кейін жағдай қиындап кетті. Коронавирустың себебінен доллар бағамы үш есеге дерлік көтерілді. Сондықтан мемлекет тауар бағасын көтеріп, салықты арттырды.

—  Тегеран — университеттер қаласы. Басқа қаладан келген студенттер әлі де кампустарда тұрып жатыр ма?

Университеттер қашықтықтан оқытуға көшті. Наурыз айының басында өзге қалалардан келгендерді үйлеріне жіберді.

— Интернет және онлайн оқыту бағдарламаларына қатысты қиындықтар бар ма?

Иә, интернетке қатысты проблемалар өте көп. Студенттер мен оқытушылар кейде жүйеге кіре алмайтынын айтуда. Бірақ ірі университеттердің өз бағдарламалары бар. Студенттер көбінесе интернет немесе бағдарламалардың жұрыс жұмыс істемей жатқанын сылтауратып, оқып жатқан жоқ. Сондықтан оқытушылар  қиын жағдайда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз