Шешен Республикасының президенті Рамзан Қадыров Ирактың Таль-Афар қаласында алты қазақстандық пен алты Ресей азаматының қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлады.
Иракта құтқарушы операциясын жүргізіп жатқан Шешен Республикасының басшысы бұл шараның мән-жайын ашып айтқан жоқ деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
“Ирактың күрдтер бөлігінде Ресей және ТМД елдерінің азаматтарын құтқару бойынша ірі гуманитарлық операцияның кезекті кезеңі аяқталды. Осы күндері Таль-Афарда 12 адам босатылып, қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде алты адам – Ресей азаматы, алтауы – Қазақстан азаматы”, — деп жазды Қадыров әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
“Әзірге біз операцияның егжей-тегжейін айта алмаймыз, өйткені бұл оған кедергі келтіруі мүмкін. Тек Ресейдің тағы алты азаматының қайда екені анықталғанын айта аламын, олар түрлі жолмен менен көмек сұрады”, — деп хабарлады Рамзан Қадыров.