Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Инвестициялар және даму вице-министрі жаңадан тағайындалды

Арыстан Қабыкенов 1980 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген.

2002-2006 жылдары Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2004 жылы – КИМЭП, 2012 жылы – Ноттингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. 2001–2004 жылдары “ТАТ-2001” ЖШС қаржы директоры қызметін атқарған.

2004-2006 жылдары Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2006-2008 жылдары ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған. 2008-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген.

2011-2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында, Өңірлік даму министрлігінде, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінде қызмет еткен. 2015-2016 жылдары ҚР премьер-Министрі Кеңсесінің басшы орынбасары болған. 2016 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР-ның Жапониядағы Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз