Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
22
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Инновациялық мемлекетке айналудың жолы қандай?

Оның айтуынша, мұнай аяқталып келеді. Бұл өз кезегінде қара алтынға тәуелді болып отырған Қазақстан, Ресей сияқты елдер үшін үлкен сынақ.

Ал сарапшы Замир Қаражановтың пікірінше, біз инновация туралы көп айтамыз.  Алайда оның қайдан келетінін, қалай жасалатынын түсіне бермейміз.

«Технологиялық даму болмай дамыған елдердің соңына ілесе алмаймыз. Осыны түсіну қажет. Бір кездері инновациялар жай ғана мақтанып қалудың жолы еді, ал қазіргі күні қажеттілікке айналды», – деді ол.

Өз кезегінде журналист Владислав Юрицын посткеңестік кеңістіктегі инновациялардың негізі бағыты – әскери сала екенін тілге тиек етті.

«Алайда инновацияны дамыту үшін инфрақұрылымның болуы қажет. Ал инфрақұрылым болу үшін бұл саланы жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуіміз керек.

Ал бұл үшін білім сапасы жоғары болғаны шарт. Өкінішке орай қазіргі таңда білім саласы ақсап тұр» деді Юрицын.

Отырысты түйіндеген ғалым Дәурен Әбеннің айтуынша бар мәселе ғылым саласын қаржыландыруда жатыр.

Мұндай маңызды саладағы қаржы көзінің аздығы өз кезегінде ғалымдардың жаңа дүние жасауға деген ынтасын төмендетуде.

«Ғылым саласына қаржы бөлгенде де көп жағдайда әділеттік сақтала бермейді. Қаражаттың едәуір бөлігі атағы дардай университетке кетеді де, қалғандары қазанның түбін қырып қалады» деді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз