Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

52 адам ажал құшқан автобус жүргізушісінің туысы оқиғаның қалай болғанын айтты

https://kaz.365info.kz/keudesin-tilgen-oralda-khajyn-atasy-kelinin-khatigezdikpen-oltirgen-324911

Нұршат Пернебекованың сөзінше, автобус ішіндегі жолаушылар арасынан жанжал шыққан.

“Өзбектер автобус ішінде ерегескен. Сол кезде қарсы жақтан тағы бір автобус келе жатқан. Ол автобусты тоқтатамыз деп қасындағы жүргізуші мен слесарь жүгіріп шығып кетеді. Өрт солар шығып кеткен кезде болады. Автобус ішінде екі өзбек азаматы ерегескен. Сол ерегескен екі адамның бірі тірі. Олар автобус ішіне жанармай құйылған бакты да алып кірген. Оның ауызы ашық болады. Тірі қалған өзбек май құйылған бакты жанып тұрған паяльникке қарай тепкен. От сол кезде шыққан. Інім сол бакты тепкен баланың тек аяғы күйіп аман қалғанын айтты. Автобус тоқтап тұрған кезде ортадағы есік ашылмайды екен. Сол кезде оянған өзбектер ортасына қарай жүгіріп, әбігерге түскен дейді. Інім автобустан түсіп үлгерген “5 секундтың ішінде мен де өліп кетер едім” деп жылап жатыр. Інім автобус ішіне от алып келмеңдер деп ескерткен.

Біз қорғаушылардан неге өзбектерді тергеуге тартпайсыңдар деп сұрағанымда екі ел арасында түсініспестік туып кетуі мүмкін дейді. Дәл сол бакты теуіп өрт шығарған өзбекті босатып жіберіп тұр”, – дейді жүргізушінің апасы.

Автобус оқиғасына қатысты қамауға алынған жүргізушінің апасы інісінің болашағына алаңдайды.

https://kaz.365info.kz/almaty-oblysynyn-tyrgyny-17-zhasar-bozbalany-bauyzdamakh-bolgan-324974

“Інім зар жылап отыр. Үйдің үлкен баласы еді, өзінің үш баласы бар. Үлкені үшінші класта оқиды. Анамыз соның қолында тұрды. Жүргізушілердің ешқайсысы кінәлі емес. Бұл оқыс оқиға.

Мақсаттың 70 жастағы анасы баламды алты айдан бері көрмедім деп уайымдап отыр. Қан қысымы жоғары болса да сотқа барамын деп дайындалып жүр. Інім адамның да, Құдайдың да алдында ақпын, әпке деп жылайды”, – дейді Нұршат Пернебекова.

 

https://kaz.365info.kz/ajlasyn-asyrgan-eken-malajziyalykh-azamat-khazakh-khyzyna-ne-yshin-yjlengenin-ajtyp-hat-zhazgan-324943

Еске сала кетейік, осы жылдың 18 қаңтар күні Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар мінген автобус өртеніп, салдарынан 52 адам қаза тапқан еді.
Елді алаңдатқан автобус оқиғасына қатысты сот процесі 7 тамыз күні басталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз