Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

«Инфрақұрылымды дамыту арқылы жетістікке жетеміз» – Олжас Бектенов

«Құрылыс, көлік пен байланыс салаларында 8 процентке жуық өсім бар. Сауда саласында өсу көрсеткіштері әзірше төмен болып отыр. Оған су тасқынының салдары әсер етті деп ойлаймыз. Бірақ ол көрсеткіштер бірте-бірте қалпына келіп жатыр»,- деді Бектенов.

Ел экономикасының қазіргі ахуалына қатысты тәжірибелі мамандардың өз айтары бар. Белгілі экономист Рахман Алшановтың  пайымдауынша, отандық экономиканың даму қарқыны жаман емес. Дегенмен, күрделі геосаяси жағдайдың салқыны тиюі әбден мүмкін. Себебі Қазақстанмен сауда жасайтын негізгі елдердің ішкі жағдайы да бізге ықпал етіп отыр.

«Қазіргі күрделі геосаяси жағдайға және негізгі сауда серіктестерінің ағымдағы жағдайына қарамастан, Үкімет Мемлекет басшысының экономиканың өсуін қамтамасыз ету жөніндегі алға қойған міндетіне қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салып жатыр. Оған енді күмән жоқ. Бүгінгі таңда 8% деңгейінде өсудің оң көрсеткіштері құрылыс, көлік және байланыс салаларынан көрінді. Жаппай су тасқынына байланысты саудада белгілі бір төмендеу болды. Дегенмен, қазір бұл саладағы өсу динамикасы белсенді түрде қалпына келтірілуде.Жалпы, Үкімет экономиканың өсуінің негізгі нүктелері ретінде құрылыс, инфрақұрылым, өңдеу және АӨК бөледі. Бұл салаларға қолдау одан ары күшейеді деп отырмыз», – деді экономист.

Рахман Алшановтың пікірінше, ел экономикасындағы негізгі салалардың көрсеткіштері тұрақты. Мұнай-газ саласы нарықтың сұранысына қарай дамуда. Кен-металлургия саласы, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, химия өндірістері өз жоспарымен келе жатыр.

«Құрылыс саласы жоғары көрсеткішке жетті десек болады. Жүк, көлік саласында жағдай тұрақты, аздаған өсім бар. Ауыл шаруашылығы табиғат ахуалына тәуелді екені белгілі. Шағын және орта кәсіпкерлік орасан зор қолдаулардың арқасында 2 млн адамнан асып, 4 млн астамнан адамға жұмыс беріп отыр. Жалпы айтсақ, қазіргі заманда ақпараттык технология саласы қарқынды дамып, экономикадағы үлесі артып жатыр. Мұндақызықтыратыны, экспортқа жіберетін өнімнің көлемін 1 млрд долларға жетті, бұл өте жоғары, және маңызды көрсеткіш. Жалпы айтқанда, еліміздің экономикасы, әлемдегі олқылықтарға қарамастан, әлсіреп калған жоқ, есесіне негізгі бағытты ұстап, тұрақты дамып келе жатыр», – деп ой түйіндеді Алшанов.  

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің«Менеджмент» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Оңалбек Абралиев ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қатысты өз ой-пікірін білдірді.

«Премьер-министр Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында экономиканың 6% деңгейінде өсуінің,  Қазақстанның инфрақұрылымын дамытудың басым бағыттарын айқындап берді. Экономиканың өсуінің негізгі нүктелері ретінде құрылыс, инфрақұрылым, өңдеу және АӨК атап өтті.Расында да инфрақұрылымды барынша дамытсақ, ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі арта түседі. Сәйкесінше, 20 миллионнан астам халқымыздың әлеуметтік-экономикалық тұрмыс сапасының деңгейі жақсарады деп есептеймін», – деді сарапшы.

Сондай ақ, Үкіметіміз  2024 жылы ұлттық экономика салаларында келесі индикаторларды нақтылады. 12 мың шақырымнан астам автожолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу, құрылыс саласында кемінде 18 млн шаршы метр тұрғын үй салу және жалға берілетін тұрғын үй құрылысына қосымша 272 млрд теңгебөлінбек. Ел экономикасын бақылап жүрген мамандардың айтуынша, нақты іс-шаралардың ішіндегі азаматтардың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін бағдарламалардың қабылдануы халықтың әл-ауқатын едәуір арттырады.    

«18 миллион шаршы метр тұрғын үй салу және 12 мың шақырым жолды қайта жаңарту жоспарланған. Газ тасымалдау жүйесін жаңғырту аясындашамамен 1800 шақырым газ құбырлары салынып, 300 мың адамға 87 елді мекен қосымша газдандырылады. «Отбасы Банкі» – Отау» және «Наурыз» жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша 64 мың адамнан өтініш қабылданыпты. Бұл қуанарлық жайт. Сонымен қатар 13 арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың, сондай-ақ шағын өнеркәсіптік аймақтардың аумақтары қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жаңа газ желілерін салу есебінен қосымша 87 елді мекенді газдандыру, АӨК саласын қаржыландыруды 4 есеге ұлғайту жүзеге асырылуда. Жаңа лизингтік бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға 100 млрд теңге бөлінді. Осы нақты іс-шаралар жүзеге асса, ел экономикасында үлкен өсім болады», – деп толықтырды Оңалбек Абралиев.

Зерттеушілер мәліметіне сәйкес, еліміздің 17 облысындағы 6256 елді мекендегі  37,8% (7,5 млн адам) ауыл халқы болып саналады. Ауылшаруашылығы саласын дамытудың зор мүмкіндіктер бар. Білімді де белсенді еңбек ресурстарының болуы, өте мол шикізат ресурстарының болуы, интернет арқылы кез-келген ақпараттарды алу мүмкіндігі, қолжетімді әр түрлі несие ресурстары бар. Заманауи технологияны қолдану жағдайының болуы, экспортқа  өз бұйымдарын экспорттау мүмкіндіктері ЕО (27 мемлекет-502 млн адам), Еуразия одағы елдеріне (166 млн адам- Ресей, Белорусь, Армения, Қырғызстан), Орта Азия елдері (52,5 млн адам) Батыс Қытай-Батыс-Еуропа халықаралық автомобиль жолының мүмкіндіктерін пайдалану,Ақтаудағы «Құрық» айлағы арқылы Әзербайжан, Грузия, Иран тағы басқа елдерге мүмкіндіктер бар. Бұл ретте ауыл шаруашылығы секторларының жедел дамуы және экспорттық әлеуеттің өсуі республиканың АӨК-не инновациялар енгізусіз мүмкін емес. Еліміздегі аграрлық саясаттың басты мақсаты – сапалы экспортқа бағытталған азық-түрлерін дайындау. Енгізілетін инновациялар яғни  «ақылды технологиялар» агроөндірістік кешеннің дамуына серпін беріп отыр.

       Экономикалық сарапшы Оңалбек Абралиевтың айтуынша, Ауылшаруашылық саласындағы құрылымдардың тиімділігін арттырудың келесі бағыттарына басымдық беру керек. Суды аз қажетсінетін дақылдарды өсіру, тамшылап суғару,дақылдар мен малдар түрлерін және тұқым шығаруда отандық зерттеулердің нәтижелерін пайдалану, ауылшаруашылық кооперативтерін мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, инновациялық (шикізатты терең өңдеу) жол карталарын және цифрландыруды одан әрі дамытуқажет.

Отандық экономиканы зерттеп жүрген сарапшылардың пікірінше, елімізді өркендету үшін күнделікті мәселемен айналысып жүріп, болашақта келе жатқан ауқымды істерді кейінге қалдырмаукерек. Жүйелілік ауадай қажет. Келе жатқан қауіптерге бүгін көңіл бөлген абзал. Біздің экономика инновациямен ұштасып отыруы тиіс.Басты назар – олардың тиімділігі болуы тиіс. Жалпылама жұмыстарды қоятын кез келді. Яғни,нақты іс-қимылдарға кіріссек, тың тәсілдерді енгізіп отырсақ, келешекте еліміз қарыштап дамиды деген ой-пікірлерін білдірді. Ең бастысы, сөз бен істің арасындағы алшақтық жойылуы тиіс.   

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз