Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Инфляция девальвация болатынын меңзейді: Ұлттық Банк сарапшылары нені есепке алмады

Фото: кapital.kz
Жылдық инфляцияның ауытқуларына қарамастан, Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені өткен жылдың 21 шілдесінен бастап өзгеріссіз сақтап келеді. Тұтыну бағаларының өсу қарқыны жылдық мәнде 8%-дық мқлшерден асатыны белгілі болған кезде ғана базалық мөлшерлеме көтерілді, бірақ болмашы ғана — жылдық 9%-дан 9,25%-ға дейін.

Кеш емес пе?

Инфляция қарқынына қарағанда, Ұлттық Банктің сарапшылары тұтыну бағаларының үдемелі динамикасын нақты бағаламаған тәрізді. Шілдеде жылдық инфляция 8,4%-ға дейін өсті, бұл іс жүзінде мақсатты дәлізде 4-6% жоққа шығарады.

Бір қызығы, бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы былтырғы қарқынмен өсіп келеді – тиісінше жылдық мәнде 11% және 11,3%.

Сонымен қатар, азық-түліктік емес тауарлар бағасының жылдық өсуі де едәуір артты. 2020 жылдың шілдесінде — 5,4%, ал 2021 жылы — 7,2%. Ақылы қызметтер жылдық мәнде 2020 жылғы 3,2%-дан 6,1%-ға дейін өсті.

Айтпақшы, шамамен жылдық инфляцияның осындай өсуі 2015 жылғы тамызда теңгенің долларға шаққандағы айырбастау бағамы еркін айналымға жіберілгеннен кейін байқалған болатын.

Сондықтан, айта кетерлігі, тұтыну бағасының одан әрі де жылдам өсуі инфляцияны тежеу үшін

Ұлттық банктің тағы да теңгенің айтарлықтай девальвациясына жол беруіне мәжбүр етеді

Инфляциялық нысаналау күту тактикасы өзін өзі ақтамағаны анық.

Қазақстан Республикасындағы 2021 жылғы шілдедегі инфляция 

Ресей инфляцияны ұстап қалды

23 шілдеде өзінің негізгі мөлшерлемесін бірден 100 тармаққа (жылдық 6,5%-ға дейін) көтерген ресейлік Орталық Банк инфляциялық “торға” түсті. Көрші елдегі жылдық инфляция шілдеде 6,5% деңгейінде қалды.

Бұл көбінесе азық-түлік дефляциясының арқасында орын алды – Ресейде азық-түлік бағасы маусымға қарағанда 0,5%-ға төмендеді. Бұл кезде Қазақстанда 0,7%-ға өсті.

Қазақстанмен салыстырғанда бұл тауарларға бағаның өсуі жылдық мәнде айтарлықтай төмен — 7,4%. Халыққа ақылы қызметтер көрсетудің қымбаттауы да біршама баяу жүрді – 3,8%. Бұған 7,6%-ға қымбаттаған азық-түлік емес тауарлар кірмейді, дегенмен бұл қарқынды қазақстандық тауарлармен салыстыруға болады.

2021 жылдың шілдесіндегі Ресей Федерациясындағы инфляция, %

Нәтижесінде Ресейдегі ақша бағасы (негізгі мөлшерлеме мен инфляция арасындағы айырмашылық) Қазақстанмен салыстырғанда бұрынғысынша төмен болып қалуда. Алайда, бұл дәстүрлі құбылыс. Егер бұрын теріс болса, қазір ол нөлге айналды. Өйткені Орталық банктің негізгі мөлшерлемесінің мәні жылдық инфляциямен теңесті.

Қазақстанда ақшаның құны оң болып қалуда, өйткені Ұлттық Банк өзінің базалық мөлшерлемесін инфляция деңгейінен жоғары ұстап отыр. Шілдеде бұл баға 0,85% болды, маусым айында 1,1%. Ал бұл өз кезегінде ресейлік бизнеске қазақстандық бизнеспен салыстырғанда бәсекелестік артықшылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Негізгі мөлшерлеме деңгейі туралы мәселе қаралатын Ресей Банкі Директорлар Кеңесінің келесі отырысы ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне жоспарланған. Ал Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті өзінің базалық мөлшерлемесі бойынша үкімін 13 қыркүйекте шығарады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз