Екі күннен бері Индонезияның Сулавеси аралын астан-кестең еткен жер сілкінісі мен цунамиден қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
28 қыркүйек, жұма күні Индонезияның Орталық Сулавеси провинциясында екі рет жер сілкінді. Оның біреуінде жер сілкінісінің қуаты 7,4 балға жетті. Жер сілкінісінен кейін провинцияның орталығы саналатын Палу қаласында биіктігі 2 метрлік күшті цунами басталды