Индонезияда сүңгуірлер апатқа ұшыраған Boeing-737 ұшағының қара жәшігін тапты, деп жазады РИА Новости.

Бұған дейін әуе ұшағының сынған бөлшектері мен фюзеляжы табылған болатын. Сонымен қатар қаза тапқан кейбір жолаушылардың денелері судан шығарылды.
29 қазанда Джакартадағы теңізге құлаған әуе кемесінің бортында 189 адам болған. Ұшақ апатының себебі тергеу ісі аяқталғаннан кейін белгілі болады. Қайғылы оқиға орын алған жерде іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.