Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

ІІМ: Оқулықта интимді сурет бар деп жалған ақпарат таратқан адам ұсталды

«Астана қалалық ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 274 бабы 3 тармағы (қасақана жалған ақпарат тарату) бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің  интимдік суреттері бар оқулықтар деп әлеуметтік желіде қасақана таратылған жалған факті бойынша арызы тіркелді. Қазіргі уақытта кешенді тергеу іс-қимылдары және жедел іздеу шараларының нәтижесінде аталған қылмысты жасауға қатысы бар тұлға анықталды.

Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, орын алған жағдайды толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған басқа да тергеу амалдары жүргізілуде. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады», – деді Алмас Садубаев.

Бұған дейін Білім министрі оқулықтағы жалған ақпаратқа қатысты полицияға шағым түсіруге мәжбүр екенін айтқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз