27-28 ақпан күндері Сирияда болған оқиға жағымсыз саладарға әкеліп, Туркия мен Ресей армиясының арасында тікелей әскери қатығыстың туындау қаупін туғызды.
Ресей де, Туркия да табандылық танытып отыр
Бұған тек олардың мүддесі ғана емес, сондай-ақ билікті ұйымдастыру сипаты да ықпал етеді. Екі елдің де орталық билігі күшті әрі батыл қадамдарға дайын. Осы батылдылығы қазіргі жағдайға әкеліп отыр.
Алайда соңғы жылдары Туркия мен Ресейдің ортақ мүдделері көп деген пікір қалыптасқан. Әсіресе оны Туркияның Еуропа және АҚШ-пен қарым-қатынасынан байқауға болатын еді. Менің дұшпанымның дұшпаны менің досым» деген тезиске сүйенер болсақ, Ресей мен Туркия бір-біріне керемет үйлесетін.
Туркия Ресей үшін айтары бар, ішкі сұранысы жоғары, экономикасы дамыған, ірі діни аймақтық держава. Реджеп Тайип Эрдоган орталық билікті күшейтіп, басқа мемлекеттік институттардың рөлін әлсіретті.
Туркия — ешқашан Еуроодақтың бір бөлігі бола алмайтын мұсылман елі
Сондай-ақ Түркия халқының басым көпшілігі суннизмді жақтайды. Ал Ресей Сирияда террористерге қарсы емес, шииттерді жақтап сунниттерге қарсы шыққанын ескерсек, бұл қазіргі жағдайда маңызды рөл ойнайды.
Туркия үшін Ресей технологиялық әлеуетті жоғары, әсіресе әскери саладағы беделді ұлы державалардың бірі. Осы себепті де АҚШ пен НАТО елдерінің қарама-қарсылығына қарамастан, ресейлік С-400 кешенін сатып алды. Бұл өз алдына АҚШ пен Еуроодаққа қарсылығын көрсетудің бір жолы еді.
Бұл үшін Ресеймен тығыз одатық байланыс қажет емес, керісінше саяси айласын жүзеге асырып,
америкалықтарға одақтасын ауыстырғанын көрсеткісі келді
Түрік президенті саяси алаңда соғыс риторикасын шебер қолданып, амал-айлаларды жүзеге асыра алады. Мәселен, ол осындай айла жасау мақсатында С-400 сатып алғанмен, Инджирликтегі америкалық базаны қалдырды.
Сондықтан 2017 жылдың басынан бастап Ресей, Туркия және Иран арасында уақытша альянс секілді бірнәрсе қалыптасты. Осы жылдың мамыр айында Қазақстанның астанасында Сирия үкіметі мен Астана процесіне қатысушы топтың арасында келіссөз өткізуге үш ел де ықпал етті. Сол кезде Сирияда әскери күштердің ықпалын төмендететін 4 аймақ таңдалып, бұған Иран, Ресей және Туркия кепіл болды.
Бірақ содан бері төрт аймақтың үшеуінде Сирия үкіметінің әскерлері ықпалын жүргізді
Оған Ресей авиациясы мен Иранның жер үсті құрылымдары белсенді түрде қолдау көрсетті. Түрлі үкіметке қарсы құрылымдардың боевиктері Идлибтегі анклавқа шығарылды. Ол Дамаскіге бағынбайтын ең соңғы анклав еді. Нәтижесінде онда радикалды исламдық топтардан тұратын ондаған мың боевик жиналды.
Түріктер Алепподағы, Дамасктің маңындағы және Дерааның оңтүстігіндегі үш анклавты жоюға айтарлықтай қарсылық көрсетпеді
Бұлар Туркияның көкейіндегі аймақтан алыс еді. АҚШ-тың қолдауымен Туркия мен Сирияның шекарасының басым бөлігін бақылауында ұстаған күрдтер Туркияны көбірек алаңадататын. Анкараның пікірінше, сириялық күрдтер шекара арқылы Туркиядағы туыстарына қолдау көрсетеді. Түрік билігі өз елінде күрдтерге айтарлықтай қысым көрсеткенін ескерсек, мұндай қолдаудың арту қаупі туындайды.
Қалай болғанда да Идлибтегі мәселе шиеленісіп, ол Түркияның мүддесіне тікелей қатысты болды. Біріншіден, сириялық әскер Ресей мен Иранның қолдауына сүйеніп, әскери күштердің ықпалын төмендету үшін тазалау жұмыстарын қайталайтын болса, Туркия құрамында исламдық ұйымдардың боевиктері бар босқындар ағынына тап болатын еді.
Екіншіден, Идлибте тукомандар деп аталатын этникалық түріктер көп. Басым көпшілігі арабтанып кеткенмен, олар түрік ұлтының бір бөлігі.
Асад армиясының шабуылы түрік құрылымдарын талқандап, олардың Түркияға қарай босып кетуіне алып келді
Түрік билігі үшін бұл жағымсыз сценарий.
Үшіншіден, Анкараның Алеппо мен Дамаскінің түбіндегі боевиктердің талқандау әрекетін бақылап қана отыруына болатын еді, ол оның беделіне айтарлықтай нұқсан келтірмейді де. Алайда Идлибтегі әскери күштердің ықпалын төмендету шаралары Туркияның беделіне күйе боп жағылатыны сөзсіз.
Сәйкесінше, Анкара, жағдайдың күрделілігін ескеріп, Ресеймен жеке келісім жасады. 2018 жылы елдер Сочи келісіміне қол қойды. Оған сәйкес Түркия Идлибтегі сирия оппозиционерлері мен үкімет армиясының қақтығыс аймағына бақылау бекеттерінің желісін қойды.
Нәтижесінде,
Анкара Идлиб анклабына қарсы шабуыл жасауға шектеу қойдық деп ойлап,
сириялықтар мен ирандықтар Ресейдің қолдауынсыз Түркияның әскерлерін айналып өтіп шабуыл жасай алмайды деген сенімде болды.
Алайда 2019 жылы көктемде Идлибке шабуыл жасала бастады. Бастапқыда ол өте ауқымды емес еді. 2020 жылдың басында жағдай күрт шиеленісіп кетті. Ақпан-қаңтар айларында сириялық әскерлер Иран мен Ливандағы шиит құрылымдарымен бірге, ресей авиациясының қолдауымен Идлибтің ішіне ене бастады. Ал
үкімет әскері түрік армиясының Идлибтегі араз тараптардың ортасын бөліп тұрған бірнеше бекетінен айналып өтті
Бұрынғы Джебхат ан-Нусртың Тахрир аш-Шам радикалды ислам ұйымының боевиктері қарсы келе алмай барлық бағыт бойынша шегіне бастады. Бұнда Сириядағы соғыстың қазіргі кезеңінің ерекшелігін атап өту керек.
Авиация мен артилерия көбірек қолданылды, әсіресе жергілікті көтерілісшілер үкімет армиясына қарсы ашық алаңда айқасуға тырысуда.
Көтерілісшілер ғимараттар тығыз орналасқан қалалық жағдайда ғана нәтижелі әрекет етеді
Осы себепті де сирия әскерлері Алеппо, Шығыс Гутте және Дамаскіге жақын кенттердегі боевиктерді жеңе алмады.
Бірақ соғыс тым шиеленісіп кетті. Әуеден жасалған шабуылдар мен артиллериялық от қалалық құрылыстардың түгін қалдырмай қиратуда. Нәтижесінде бейбіт тұрғындардың бас сауғалаудан басқа амалы жоқ. Сонымен қатар
көтеріліс аумақтардағы суннитті жақтаушы халық шиит жасақтарынан қорқып, қашуға мәжбүр
Мұндай жағдай Идлибте де қайталанды. Сирия үкіметінің әскері әуеден шабуыл жасап, артиллериялыққ соққы көрсетті. Бұл шабуылдар халық арасында үрей тудырып, жүздеген мың босқындар Туркия шекарасының маңына жиналып,
түріктер қиын жағдайға тап болды
Сочи келісімі бұзылғаннан кейін олар өздерінің алданғанын түсінді. Ресейдің сирия армиясы өз территориясында тәртіп орната алады деген дәлелі Туркияның көңілінен шықпады. Олар ресейлік ресми тұлғалар айтып жүрген: түріктердің өздері Тахрир аш-Шам исламдық тобын біржақты қылу туралы Сочи келісімінің талабын орындамады деген дәлелін де қабылдамайтыны сөзсіз.
Осы пікірге сүйенетін болсақ, Сочидегі келісімдердің бірін орындамағаны үшін түріктер жазалады. Оны
түріктерді ойыннан шығарып, Идлибтегі түрік ықпалын ескермеді деп түсіндіруге болады
Эрдоган мен түрік элитасының қандай жағдайда болғанын елестетуге болады. Геосаяси тұрғыдан олар қорғалмаған жағдайға тап болды, түркиялықтардың пікірін ешкім тыңдамайды, келісімдерді елеп-ескермейді.
Түріктер қатаң тәртіпте Идлибке әскерін кіргізіп, түркияның шекарасындағы Хатай провинциясына да әскерін кіргізетінін мәлімдеді.
Олар бастапқыда шабуылды тоқтатып, ресей және иран әскерлерімен қақтығысты болдырмауға тырысты
Бірақ сирия армиясы шабуылын тоқтатпады, ол стратегиялық бекеттерді, әсіресе Дамаск пен Алеппоны біріктіретін М4 шоссесін басып алды. Бұл шегіну кезінде түрік әскерлері қаза болды. Бұған жауап ретінде сириялықтарға қарсы шабуыл жасады. Әзірге ол белгілі бір шектен шыққан жоқ, дегенмен әлі де қақтығыс қаупі төніп тұр.
Мәселен,
әуеден сириялық та, ресейлік те самолеттер шабуыл жасауда
ал соғыс машиналарының түрлері ұқсас. Нақтырақ айтқанда екі армия да жойғыш-бомбалаушы Су-24 пен Ми-17 вертолеттерін қолданды. Ауадан кім шабуыл жасап жатқанын анықтау оңай болған жоқ. Осы жағдай артиллерияға да қатысты.
Сол себепті де түріктер өздерін тежей білді. Олар авияцияны қолданған жоқ және Стингер типтес ЖЗРК пайдаланып, екі Ми-17 құлатты. Кейін олардың Сирия үкіметіне тиесілі екенін анықтады.
27 ақпан күні кешке Бехун елді мекеніндегі түрік әскерилеріне ауадан шабуыл жасалып, 36 адам қаза болды. Қазіргі дейін кімнің шабуыл жасағаны белгісіз. Ресей өз самолеттерінің қатысы жоқ екенін айтты.
Сондай-ақ Ресей өкілдері түріктер бұл аймақта әскерилері бар екені туралы ақпарат берген жоқ, олар бұл аймақта болмауы керек деді. Түркияның ресми тұғалары ресейлік тарапқа бұл туралы ақпарат берілгенін мәлімдеді.
Осыған қатысты желіде ресейлік Су-34 самолеті шабуыл жасады деген хабарлама тарап кетті. Бұның қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз. Бірақ қалай болғанда да
түріктер Идлиб аспанында тек сириялық және ресейлік авиация ұшып жүргеніне сенімді
36 әскери адамның қаза болуы Туркия үшін рубикон болды. Ол ендігі жерде шегінеді (Идлибтен кетеді) немесе ел ішіндегі беделінен айырылмас үшін қалай да жауап береді. Бірақ
кез келген қатаң жауап Иранмен, тіпті бұдан да қауіпті Ресеймен қақтығысқа алып келеді
Ал ресейлік тарап Сирияға екі жаңа «Калибр» ракетасы бар фрегат жіберді. Бұл әскери қуаттылық пен мақсатының күрделілігінен хабар береді.
Осыған қатысты Иранның генерал Касем Сулейманидің өліміне қарсы жауабын еске түсіруге болады. Ирандықтар Ирактағы америкалық базаға шабуыл жасады. Олар Иракқа шабуыл туралы алдын ала хабарлап, өте мұқият әрекет етті. Ирак өз кезегінде америкалықтарға хабар берген болатын.
бірақ түріктер қатаң жауап қатты
Олар сириялық әскердің жер үстіндегі күштеріне, иран құрылымдары мен Хезболлалық ливандарға бірнеше сағат бойы соққы жасап, адам басқармайтын ұшу аппаратын, ауыр артиллерияны пайдаланды. Нәтижесінде ондаған танкілер, артиллериялық қару-жарақтар, жүздеген солдаттар, бес вертолет жойылды.
Ал түріктер желіде адам басқармайтын ұшу аппараттарының техникалар мен адамдарға соққы жасап жатқан сәтінен видео жариялады. Бұл жағдайда сирия үкіметі дәрменсіз болып, ешқандай жауап бере алмады. Олар елді мекендерге ашық шабуыл жасады.
Осы арқылы Эрдоган айтарлықтай батыл қадамға барып,
Ол Ресей мен Иранға қарсы шықты
Сирия армиясының тылындағы түрік солдаттары шабуылға ұшырайды деп те қорықпады.
Сондай-ақ түріктер Асад армиясына Сочи келісімінде қарастырылған жолаққа дейін шегіну үшін 1 наурызға дейін уақыт береміз деп талап қойды. Ал егер Асад шегінбесе, олар ауқымды соғыс операциясын бастаймыз деп мәлімдеді.
Соңғы болған оқиғалар Эрдоганның жай ғана қоқан-лоқы көрсетіп жатпағанын дәлелдеді
Енді Ресей мен Иранның жағдайы қиын. Олар күрделі шешім қабылдауы керек. Бірінші кезекте бұл Мәскеуге қатысты. 28 ақпан күні ресей президенті Владимир Путин Эрдоғанға қоңырау шалды.
Сол күні Ресейдің Сыртқы істер министрі Лавров Бехундегі жағдай түрік тарабы осы ауданда әскерінің бар екенін айтып ескертпегеннен болды деп мәлімдеді. Сондай-ақ, «біз көңіл айтамыз және мұның барлығын Идлиб аумағындағы түрік әскерилерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасадық. Біздің жердегі әскерлеріміз бұл жұмысты жалғастыруға дайын».
Бұл жерде мәселе Сирия армиясының тылындағы бекеттердегі түрік әскерлері туралы болып отыр. Лавров «біздің жердегі әскерлеріміз» дегенде, тек ресей әскері ғана түрік солдаттарын сириялықтардың соққысынан құқтақара алатынына назар аударғысы келді.
Түрік әскерінің қаза болуына қатысты көңіл айтып, қорғауға дайын екенін білдіру арқылы әскери күштердің ықпалын төмендетудің алдын алғысы келіп отырғаны анық.
Мәскеуге де, Анкараға да әскери қақтығыстың қажеті жоқ
Алайда бұл үшін Түркияны қарсыластарының тылындағы өз әскерлерін қоршау және Сочи келісімінде көрсетілген жолақты қайтына қалпына келтіру үшін жеткілікті бола ма? Бұл алдағы уақытта белгілі болады. Қалай дегенмен де бұл жағдайдың салдарының тамыры терең жайылғаны белгілі.
Біріншіден, Туркия Идлибті өз бақылауына алып, ислам ұйымдарының боевиктері бұған қарсылық көрсете алмайды. Түріктер оны ең болмағанда Сочи келісімін орындамады деген айыптаулардың алдын алу үшін жасайды.
Екіншіден, Ресей мен Туркияның арақатынасы бұрынғы жағдайға келеді деп айту қиын. Дағдарыс кезінде Вашингтон да, НАТО да Тукрияға қолдау көрсеткен болатын. Яғни бұрынғы қарым-қатынастар қайта қалпына келуі мүмкін деп күтуге болады.