Желілік “вирусқа” айналған “Зың-зыңның” авторы Болат Нұрымов дүниемен қоштасты.
Бұл ақпаратты желіде оның досы әнші Серік Ибрагимов инстаграм желісінде хабарлады.
“Суретте тұрған бауырымның, досымыздың есімі Болат! Ол бауырымыз енді арамызда жоқ! Өте жақсы адам еді! Кішіпейіл, ақ көңіл жігіт болатын! Бақилық болды! Алла мейіріміне алсын! Мейірімі шексіз Аллаxым жәннәттан орын бер! Кешірімді Алла баршамызды кешір! Ия Аллам рақымыңа алғайсың! Аумин! Дұға жасап қойыңыздар, ағайын! Алла жар болсын, баршамызға!”, – деген ол адамдарды бір-біріне кешіріммен қарап, сыйласып өту керектігін еске салды.
Музыканттың не себепті қайтыс болғаны әзірге беймәлім.
Жаңалық VK-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқылануда.