Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Хат жазып, қалдырыпты”. Ақтөбеде студент қыз 8-қабатан секіріп, мерт болды

Ақтөбеде түнгі сағат 3-тен 20 минут кеткенде төтенше оқиға тіркеліп, облыстық жедел жәрдем бекетіне шақырту түскен. Қалалық жедел жәрдем қызметі бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиеваның айтуынша, дәрігерлер оқиға орнына жеткенде жерде студенттің жансыз денесі жатқан. Қазір осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары басталды.

«Полицияға Ақтөбе қаласының Әлия Молдағұлова даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен адамның секіріп кеткені туралы хабар түсті. Белгілі болғаны, жоғары қабаттан секіріп кеткен адам 17 жастағы колледж студенті екен. Ол жалдамалы пәтерде ағасымен бірге тұрған.

«Ешкімге кінә артпаймын» деп хат қалдырған.

Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр»,- деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз