Хан Тәңірі шыңын бағындырмақ болғанда ажал құшты. Алматы мен мәскеулік туристер таудың Қырғызстан жақ бетінде қар көшкінінің астында қалып қойған. Төтенше жағдай альпинистер бес мың метр биіктікке көтерілгенде болыпты.
Төрт адамнан құралған альпинистер тобын көшкін таңғы уақытта басып қалған. Абырой болғанда, үшеуінің басы қар арасындағы ойықтан шығып қалады. Олар сол жердегі ауамен тыныстап, өз бетінше шығуға тырысқан. Алайда ол мүмкін болмаған. Бір өлімнен аман қалған экспедиция мүшелерін мұз құрсап, жағдайдың ушыға түскенін айтады. Денелері сіресіп, тынысы тарыла бастаған. Сөйтіп қолындағы рациямен биігіректе кетіп бара жатқан топқа хабар беріп үлгерген.