Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-16
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Хан әлде президент? Шын мәнінде Қырғызстанда кімді сайламақ

123
фото: sputnik.kg

Күшейіп келе жатқан дағдарыс пен экономикалық күйреуге қарамастан, билік Президенттік сайлау мен референдум өткізуге ниетті. Алайда, бұл әрекеттері арқылы олар тек саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарыстың отына май құюда.

Баламасы жоқ

Он жеті адам Қырғыз Республикасының Президенті лауазымына күресін жалғастыруда. Қалғандары қол жинау және ақшалай кепілдік беру кезеңінде жарыс жолынан шықты.

Президенттікке кандидаттар тізімінде көптеген белгілі саясаткерлердің болғанына қарамастан, сайлау науқаны өте көңілсіз өтуде. Барлығы бір ғана кандидат – Садыр Жапаровтың айналасына жиналған.

Негізінде, Президенттік сайлаудың нәтижелері қазірдің өзінде белгілі болды. Жапаров ел аймақтарындағы стадиондар тола халықты жинап, олардың түрлі топтары арасында жақсы қолдауға ие болды және ең қомақты сайлауалды бюджетіне ие. Жарнамалық науқан қуатты жұмыс істеуде, көпшілік жиналатын барлық алаңдар оффлайн және онлайн үгіт-насихат материалдарына толған.

Аймақ халқы оны құтқарушысы және ұлт қаһарманы ретінде көреді.

Үміткермен кездесуде Жапаровты хан деп атай отырып, театрландырылған қойылымдар қоюда

Үміткерге бата беріп, жылқы мен Ұлттық киімдерді сыйға тартуда. Сыртынан қараған адамға, бұл ақылсыздыққа ұқсайды.

Тек түрлі саясаткерлердің жақтаушыларының шашыраңқы топтары мен елорданың тұрғындары ғана қарсылық көрсетуде

Қалған кандидаттар Жапаровпен текетіреске баса назар аударуда, бірақ олар сайлауалды науқанының көшбасшысына қарсы күшті бірлестік құра алмады. Әртүрлі алаңдарда олар Жапаровтың іс-әрекеттеріне қатысты өз ойларын айтып, тіпті соңғысының бұрын істі болғанына байланысты оны кандидаттар тізімінен шығарып тастауға әрекет етуде. Қазіргі уақытта олардың әрекеттері айтарлықтай нәтиже бермеді.

Конституция не болды?

10 қаңтарда қырғызстандықтар президентті ғана сайлап қоймайды, сонымен бірге референдум аясында басқарудың оңтайлы үлгісін де таңдауы тиіс. Сондықтан , жаңа билік пен Садыр Жапаровтың өзі қолдап отырған Конституция жобасы да қызу талқылануда. Президент рөлінің елеулі түрде күшейтілуіне байланысты оны “ханституция” деп атап та үлгерді.

Қырғызстанда аралас жүйе жұмыс істейді, онда елдегі билік Парламент, Президент және премьер-Министр арасында бөлінген.

Қолында МҰҚК, прокуратура және қауіпсіздік кеңесі бар Президент әрқашан мықты болады.

Бұрынғы президенттер Алмазбек Атамбаев пен Сооронбай Жээнбеков жүйенің жетілмегендігін пайдаланып, Парламент пен басқа да органдардың жұмысына белсене араласты. Сонымен бірге Парламенттің имиджі қатты зардап шекті.

Елдің қазіргі билігі Парламенттің алтыншы шақырылымына деген өшпенділіктерін айқын көрсетуде. Олар президенттің өкілеттігін арттыра отырып, елді білімсіз депутаттардан құтқаруға уәде берді. Бұл ретте

“ханституция” руханилықтың, адамгершіліктің және ұлттық мәдениеттің бұлыңғыр сипаттамаларымен бірге жүреді

Басында жаңа Конституцияны бірден қабылдау ұсынылды, бірақ наразылықтар толқыны орын алғаннан кейін олар тек басқару үлгісін шығаруға шешім қабылдады. Конституциялық Кеңес мүшелерінің айтуынша, негізгі заң жобасының өзі толық дайын. Көпшілігі президенттік басқару үлгісін қолдайды.

Жапаровтың қарсыластары азаматтарды парламенттік басқару үлгісін жақтап дауыс беруге шақырады, өйткені олар суперпрезидент басқаратын өктемшіл режимнің орнауынан қорқады.

Халықаралық санкциялар

Бірқатар журналистік зерттеулерден, сот процестерінен және қоғамдық жанжалдардан кейін АҚШ Қаржы министрлігі ҚР кеден қызметі төрағасының экс-орынбасары Райымбек Матраимовты Магнитскийдің жаһандық тізіміне енгізді. Оған сыбайлас жемқорлыққа және адам құқықтарын айтарлықтай бұзушылыққа қатысы бар адамдар кіреді. Матрайымовтың АҚШ-тағы барлық мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Қырғызстанда Райымбек Матрайымов жазасыздық пен сыбайлас жемқорлықтың символына айналды. Бірқатар журналистік зерттеулер кедендегі олқылықтар мен елден 700 миллион доллардан астам заңсыз ақша шығарылғаны туралы айтты. Алайда билік бұл мәселемен айналысуға асықпады. Депутаттық комиссия Матраимовты кінәсіз деп тауып, тергеу ешқандай дәлел таба алмады.

Қазан айындағы тәртіпсіздіктерден кейін елдегі жағдай өзгерді. 20 қазанда ҰҚК Матраимовтың ұсталғаны туралы хабарлады. Алайда, кісен мен жауап алу түріндегі шоу өте сенімсіз болып көрінді. Нәтижесінде Матраимов тергеумен ынтымақтастықта жұмыс істеуге келісіп, мемлекетке 2 миллиард сом төлеуге ресми түрде келісті. Қырғыз кеденінде қитұрқылықты басқарған адам үшін

көптеген адамдар бұл жазаны жеткіліксіз деп санайды

Матраимов көп бөлігін мемлекетке ақшамен қайтарды, кейінірек тағы тоғыз пәтері мен сауда орталығын берді. Қазіргі уақытта оның немен айналысатыны және қандай саяси күштер қолдайтыны әлі белгісіз.

Бюджет дағдарысы

Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған мәселелер жан-жақтан көрініс беруде, алайда сайлау науқанының дүрлігуі салдарынан назардан тыс қалуда. Мәселен, 17 желтоқсанда Парламент қабырғасында 2021 жылғы зейнетақы төлеу мәселелері туралы айтылды. Премьер-Министрдің міндетін атқарушы Артем Новиков депутаттардың сұрақтарына жауап ретінде зейнетақы және басқа да төлемдерге қатысты барлық қиындықтар шешілетініне сендірді.

Бюджет тапшылығы барлық мемлекеттік органдарға қатты әсер етуде. Кейбіреулерінің қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақы алмағаны анықталып отыр. Мысалы, 23 желтоқсанда көлік министрлігінің қызметкерлері митингке шығып, екі айлық жалақыларын талап еткен. Денсаулық сақтау министрлігін “қызыл аймақтарда” жұмыс істеп жатқан дәрігерлер қыспаққа алуда. Олардың айтуынша, уәде етілген өтемақыны барлығы ала алмаған.

Сонымен бірге шенеуніктер халықты электр қуатын үнемдеуге шақыруда. Кейбіреулері электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түскенін айтса, ал басқалары Тоқтағұл су қоймасында судың жетіспей жатқаны туралы жеткізді. Байқағанымыздай,

мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері адамдарға электр қуатының өшуі және тарифтердің көтерілуі мүмкін екендігіне дайындауға тырысуда

Коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанды, бірақ кейде жұқтырғандар санының күрт өсуі байқалады. Қазіргі уақытта ауруханалар жабдықтармен, жеке қорғаныс құралдарымен және мамандармен қамтамасыз етілген. Алайда, жұқтырғандар саны күрт өскен жағдайда жүйе қайтадан қиындыққа тап болуы мүмкін.

Жаңа билік көптеген жоғарыда аталған және Қырғызстанда қазір де бар басқа да қиындықтармен бетпе-бет кездесуге тура келеді.

Бұл қиындықтардың көпшілігінің шешімі мүлде жоқ, өйткені ел күрделі саяси дағдарысты бастан өткеруде.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз