Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Халықта ақша жоқ…». Қазақстанда ескі көліктерге сұраныс артып келеді

Бірақ бұдан отандық автомобиль өндірісі пайда көрген жоқ:

көбінесе  10 жылдан асқан, яғни, ескі көліктер сатылған.

Пайдасы жоқ өсім

Сурет kolesa.kz сайтынан алынды

https://kaz.365info.kz/mynau-lifan-khytajdyn-kamrii-khandaj-dejsiz-be-foto-300098

«ҚазАвтоПром» мәліметтерінше, 2018 жылғы қаңтар мен ақпанда елімізде 187 599 автокөлік құралы тіркеуге қойылған, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 15,6 процентке артық.

Жаңа және қолданыста болған, яғни, ескі көліктің сатылымы артқан. Мәселен, тіркелген көліктің 177,6 мыңнан астамы қайта тіркелген ескі көлік. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 14,2 процентке өскен.

Бірінші тіркеуден өткен, яғни, жаңа көліктің үлесі 10 028 данаға тең болған, бұл 2017 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, 49,4 процентке артық.

«2018 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша, тіркеуге қойылған көлік құралдарының саны 99 048 данаға дейін жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18,9 процент артық. Міне, осы көліктің 93 558 данасы нарықтағы саудаға қайта шығарылған ескі көлік», — дейді«ҚазАвтоПром» сарапшылары.

Ал Қазақстан Автобизнесі Ассоциациясы (ҚАБА) басқа көрсеткіштер келтіріп отыр. Олардың мәліметтеріне сәйкес, ақпан айында 88 326 дана көлікке мемлекеттік нөмір белгілері берілген. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда, тіркеу саны 9,9 процентке, ал өткен жылғы ақпанға қарағанда, 22 процентке артқанын аңғартады.

«Автокөлікті қайта тіркеудің ақпандағы дәстүрлі өсуіне көліктің мемлекеттік нөміріне G, I, J, Q сияқты жаңа әріптердің енгізілуі де өз үлесін қосуда. Ақпан айында бұрын негізгі символдарға ұқсастығына байланысты пайдаланылмаған жаңа төрт әріп қазақстандықтарға қолжетімді бола бастады», — деген пікірде Автомобиль бизнесі ассоциациясындағылар.

Сондай-ақ жаңа автокөліктердің сатылымы жөніндегі көрсеткіштер әртүрлі. КазАвтоПром» 10 028 дана көліктің сатылғанын айтса, ҚАБА 10 902 дана жаңа көліктің сатылғанын алға тартуда.

Бұл екі ұйым да сатылымдар көрсеткішін 2017 жылмен салыстыра айтып отыр.
https://kaz.365info.kz/1-shildeden-bastap-avtokolikterdin-zhana-pasporty-engiziledi-305318

Ескіні жамап есі шыққандар…

Бірақ бұл екі көрсеткіш те басты мәселеге – еліміздегі автокөлік паркінің «қартаюына», яғни, көліктің ескіруіне тосқауыл бола алмайды.

«ҚазАвтоПром» мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылғы қаңтар-ақпан айларында қайта тіркеуден өткен көліктердің үштен екі бөлігінен астамы (68,4%) қолданысқа шыққанына 10 жылдан асқан ескі көлік.

Дегенмен негізгі бөлікті пайдаланылғаны 20 жылдан астам уақыт өткен ескі көлік құралдары құрайды

(38,6%, немесе 68 518 дана), 11-ден 20 жылған дейінгі – 29,8% (52 932 дана).

Атап айтарлығы,

қолданысқа шыққаны 3 жылдан асқан жаңа көлік құралдары бойынша жасалған келісімдер небәрі 4,7 процентті құрайды.

«2017 жылмен салыстырғанда, автопарктың тұрақты «қартайып» бара жатқаны көзге ұрады. Екінші нарықта қайта сатылған 20 жылдан асқан автокөліктің үлесі 35 проценттен 38,6 процентке дейін өсті, ал қолданысқа шыққаны 1 жылдан 3 жылға дейінгі көліктің үлесі 7,6 проценттен 3,2 процентке дейін», — делінген Одақ таратқан ақпарда.

ҚАБА, керісінше, неғұрлым жағымды ақпарат таратуда: ақпандағы жалпы тіркеудің 65 проценті қолданысқа шыққаны 10 жылдан асқан автокөліктердің үлесінде (57 444 дана), ал пайдаланылғаны 3 жылға толмаған көлік 9,8 процентті құраған.

Бірақ солай болғанның өзінде Қазақстандағы автокөлік паркінің жаңаруы туралы сөз қозғау ерте:

Ең керемет болғанның өзінде, 10 келісімнің тек біреуі жаңа автокөлікті сатып алу бойынша жасалған.

https://kaz.365info.kz/realnyj-baga-700-mynga-khandaj-mashine-keledi-303966

Оңтүстік алда                                   

2018 жылдың алғашқы екі айында автокөліктің ең көп қайта тіркелуі Оңтүстік Қазақстан (28 315 дана), Алматы облыстарында (26 527 дана) және Алматы қаласында (21 242 дана) орын алған.

«ҚазАвтоПром» деректері бойынша, Алматы облысының тұрғындары сондай-ақ пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан көліктерді ең көп тіркеген (14 475 дана, 21,1%). Бұл көрсеткіш бойынша олардың өкшесін Оңтүстік Қазақстан (12 236 дана, 17,9%) және Жамбыл  (5 450 дана, 8%) облыстарының тұрғындары басып тұр.

Жаңа көлікті негізінен еліміздің екі бас қаласында сатып алады екен.

Пайдалануға шыққаны бір жылға толмаған автокөлікті сатып салудың ең жоғарғы көрсеткіші елордамаыз – Астана қаласында тіркелсе (569 дана, 21,2%), оның өкшесін Алматы қаласы (524 дана, 19,5%) Атырау облысы (205 дана, 7,6%) басып тұр.
https://kaz.365info.kz/khatynbyz-goj-khyzygasyn-da-kredit-alyp-palege-yryngan-khyz-304553

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз