Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Халал балабақша деген қажет пе?

178

hibsocpemt

Марат Сәрсенбаев

– Жуырда бір үлкен басшының аузына «халал балабақша деген болмайды» деген сөзді салып қойыпты. Кешіріңіздер халал балабақша діни орда емес, ол жердің ең біріншіден тамағы адал болады. Сондай-ақ балабақшада жұмыс жасайтындар өзіміздің қаракөз қазақтар болып саналады. Елімізде халал балабақша ретінде сертификат алған бір ақ балабақша бар. Оның директоры білім беру саласының үздігі. Бұдан бөлек, ол кезінде білім беру бөлімінің басшысы болып жұмыс жасаған. Ал балабақшаның дәрігері денсаулық сақтау саласының үздігі. Өздері білікті, білімді азаматтар. Олар ең бастысы – балаларға тамақтың адалын беріп жатыр ,– дейді Марат Сәрсенбаев,

Әйтсе де Марат Сәрсенбаевтың халал балабақша дегенімен белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы келіспей отыр. Оның айтуынша барлық нәрсені халал деп айта беретін болсақ, халалдың қадірін кетіріп аламыз.

285124_1401169660_890_530_0

Қайрат Жодыбайұлы

– Марат ағамыз халал саласының отымен кіріп, күлімен шығып жүрген азамат қой. Бірақ балабақшаның тамағына қарап оны халал деп атау артық болса керек. Егер бұлай айтатын болса, халал мектеп, керек болатын болса, халал қарттар үйі деп атауымыз керек болады. Құран кәрімде тамаққа қатысты халал деп жазылған. Сондай-ақ адамдардың жүріс тұрысы, айталық некенің адал болуы сияқты мәселенің халал болғаны абзал. Мысалы суды халал деп жатырмыз. Мен «неге халал су деп айтасыңдар» десем, «біз арнайы құрылғыдан суды тексерістен өткіземіз» деп жауап береді. Ал енді тексерістен өтпеген су Құран бойынша харам ба? Харам емес қой. Онда сіз оны халал деп емес, денсаулыққа пайдалы су деп айтыңыз, – дейді Қайрат Жолдыбайұлы.

Әрине ислам мемлекеті болғандықтан адал ас ішіп, адал қызмет көрсету саласын пайдаланғанымыз абзал. Алайда соңғы кездері бүйректен сирақ шығарып не болса соған халал деп айту сәнге айналды.

Ұзын сөздің қысқасы, дінтанушы айтқандай, халалдың қадірін кетіріп алдық.

Алайда оны Марат Сәрсенбаев мырза түсініп, ақылға келер емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз