Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-6
USD
494
+1.68
EUR
520
-3.35
RUB
4.97
-0.03

Хабиб Нұрмағамедов жекпе-жектен кейін неліктен төбелес шығарғанын түсіндірді

«Невада штатының атлетикалық комиссия мүшелерінен, Лас-Вегастан кешірім сұрағым келеді. Өзімді жақсы жағымнан көрсетпегенімді білемін. Бірақ, менде адаммын және неліктен менің октагоннан секіріп кетуіме қатысты осынша әңгімелер айтылып жатқанын түсінбеймін. Ал, менің дініме, еліме, әкеме қатысты айтылған сөздер туралы не ойлайсыздар? «Ол Бруклинде автобусқа шабуыл жасаған. Сол жерде бірнеше адамды өлтіре жаздады» деген сөздер ше. Неліктен қазір бәрі менің тордан секіріп кеткенім туралы айтады? Мен соны түсінбеймін», – деді Нұрмағамедов.

Айта кетейік, бүгін 7 қазанда ресейлік жауынгер Хабиб Нұрмағамедов бұрынғы әлем чемпионы Конор Макгрегорды жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды. Бірақ, атаулы кештің жеңімпазы анықтала салысымен, Нұрмағамедов октагоннан секіріп шығып, Конордың жаттықтырушысы Диллон Дениске шабуыл жасады. Ал, сол уақытта ресейлік жауынгердің секунданттары Макгрегорға шабуыл жасады. Өкінішке орай, жанжал тек полицияның көмегімен шешілді. Ақырында, бұл төбелестен кейін Нұрмағамедов октагоннан белбеусіз кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз