Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Хабаровсктегі жаппай митингілер — Путин Қиыр Шығыстан қол үзе ме?

521

Сергей Фургал деген кім?

1990 жылдың басында Сергей Фургал, сол уақыттағы басқа адамдар сияқты, алып-сатарлық бизнеспен айналысты. Кейіннен бұдан да үлкен шаруаларды қолға алды. Алдымен ағаш материалдарын, содан кейін металл сынығын сата бастады. 2000 жылдың басында РЛДП-ның өлкелік филиалының демеушісі болды. 2005 жылы Жириновский партиясының атынан өлкелік депутаттыққа түсіп, екі жылдан кейін Мемлекеттік Думаның депутаты болды.

Фургал Хабаровск өлкесінің губернаторы лауазымын  2018 жылы иеленді. Ол жойқын жеңіске жетті. Екінші турда сайлаушылардың 66%-ының дауысын жинап, «Единой Россия» партиясынан шыққан қарсыласын ойсырата жеңді. Яғни

президенттік сайлауға түскен Путинге қарағанда губернаторлық сайлауда Фургалға  көбірек қолдау көрсетілді

Бірақ оның сайлауалды компаниясы аса белсенді болды деп айта алмаймыз. Дегенмен Фургал бюллетеньдегі билікке қарсы шыққан жалғыз танымал  кандидат болды, ал оның партиясы зейнетақы реформасын қолдамады – бұл сайлаудың нәтижесін шешті.

Фургал губернаторлығын орынбасарларының штатын қысқартудан және  іссапарға шыққан шенеуніктерге бизнес-класты пайдалануға тыйым салудан бастады. Сонымен қатар,

ол қымбат қызметтік көліктерді сатып, аймақтық үкімет мүшелері мен өзінің жалақысын төмендетті

Ол халықпен жиі кездесіп, көпшіліктен жасырынбады.

2019 жылы РЛДП жергілікті парламентке сайланып, аймақта тағы бір жеңіске жетті.  «Единая Россия» 13% дауыс жинап, жеңіліс тапты. Осы уақытта Мәскеу тарапынан көрсетілген қысым ретінде қабылданған екі оқиға болды.

Қиыр Шығыс астанасын Хабаровск тұрғындары аса ұнатпайтвын  Владивостокқа ауыстырды, ал аймақтың бұрынғы губернаторы Виктор Ишаевқа (ол Фургалға қолдау білдірген) қылмыстық іс қозғалды.

Сайлаудан кейінгі тұтқындау

Конституцияға енгізілетін түзетулерге дауыс берудің нәтижесі Кремльдің шыдамын тауысса керек. Өңірде дасур бергендердің саны 44%-ды құрады ( бұл жалпы ресейлік «нормативтен» шамамен 24%-ға аз), 62%-ы ғана мақұлдаған (бұл жалпы қолдау деңгейінен шамамен 15%- ға аз). Бірқатар саясаттанушылардың айтуынша,

өңірде нәтижелерді бұрмаламай,  адал есептеген

9 шілдеде 50 жастағы Фургал тұтқындалды. Ол 2004-2005 жж кәсіпкерлерді өлтірді деп айыптауда. Сондай-ақ, оның бірнеше күдік тудырған жақтастары да ұсталды, бұл  «қылмыстық қауымдастық ұйымы» бабы бойынша айыптауға мүмкіндік береді. Губернатор Мәскеуге жетізіліп, жазалау шарасы ретінде қамауға алынды.

Үш митинг өтті, ешкім ұсталмады

11 шілдеде, қамауға алғаннан кейін екі күн өткен соң, Хабаровскіде наразылық басталды. Оған 10-нан 60 мың адамға дейін  қатысты, бірақ олардың орташа саны 20-35 мың адам деп бағаланады. Бұл өлкенің тарихындағы ең үлкен жаппай наразылық.

Адамдар Фургалды Мәскеуде емес, Хабаровск өлкесінде соттауды талап етіп, оны босатуды сұраған петицияға қол қойды. Акция 3 сағаттан астам уақытқа созылды. Митингілер аймақтың басқа қалаларында да өтті.

Сирек жағдай, бірақ наразылықта қоғамдық тәртіпті бұзушылар болмады. Фургалдың баспасөз қызметі аймақ тұрғындарына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, («Хабаровск өлкесі де, Қиыр Шығыс та, Ресей де бұрын-соңды мұндай ауызбіршілікті көрмеді») тарауға шақырды. Алайда, болып жатқан оқиғаны қарулы күштер назардан тыс қалдырмады: ІІМ «С.И. Фургалдың командасын» наразылықты ұйымдастырды деп кінәлады, ал

губернатордың баспасөз хатшысы  рұқсат етілмеген митингіге шақырғаның үшін қылмыстық қудалауға ұшырайсың деп қорқытушылар болғанын айтты

12 шілде күні митингтер жалғасын тапты, енді қаланың бас көшесінде шеру мен автошерулер түрінде өтті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, құқық қорғау органдарының өкілдері көп болды, бірақ ешкімді қамауға алып, ұстаған жоқ. Коронавирустың таралу салдарынан акцияларды өткізуге тыйым салынатынын үнемі еске салды.

Кешке шеру қайталанды, оған 1-ден 3 мыңға дейін адам қатысты. Бұл жолы акция қысқа, бірақ салыстырмалы түрде бейбіт болды. Наразылық білдірушілер жаңа талаптар қойған жоқ, тек Фурғалдың ашық сотын Хабаровскіде өткізуді сұрады.

Фургалды қолдай ма әлде Путинге қарсы ма?

Түрлі пікір айтылуда, біреулер бұл митингтер өздігінен болды десе, басқалары мұқият жоспарланған дейді. Ондаған мың адамның бірнеше қалада, екі күн қатарынан көшеге шығуын ұйымдастыру оңай емес. Адамдарға Фургалға қарсы қозғалған істің өрескелдігіне қарсы болуы мұмкін. Неліктен құқық қорғау органдары15 жыл бұрын жасалған қылмысқа  жылдар бойы назар аудармады? Егер  қандай да бір күдік болса да, Фургал Мемлекеттік дума депутаты және губернаторлыққа қалай сайланды?

Жергілікті тұтқындар Фургалдың қамауға алуынуын халықты қорлау және оның еркін ашық түрде құрметтемеу деп қабылдады

Сонымен қатар, ол жақсы губернатор болды: ашық, адамдармен жиі кездесті, шенеуніктердің шығындарын қысқартты, дөрекілік пен көргенсіздіктен аулақ болды (бұл, әсіресе, бұрын билік еткен бірқатар шенеуніктердің фонында өзекті еді).

Дегенмен, наразылықтың соңы қиындыққа алып келуі мүмкін дегенге сенетіндер аз. Сарапшылардың пікірінше, жергілікті тұрғындар көп ұзамай үйреншікті өмірге қайта оралып, қамауға алу тақырыбын митингілерде емес, ас үйлерінде талқылайтын болады. Бірақ бұл Мәскеудің тыныш ұйықтауына болады дегенді білдірмейді. Керісінше: енді Хабаровск әрбір сайлауда оппозицияға дауыс береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз