Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
427
+0.13
EUR
497
+0.15
RUB
5.5
-0.03

«Хабарға» жаңа басшы тағайындалды

2016 жылғы 18-мамыр күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Хабар» Агенттігі» АҚ ұжымына жаңа басшыны  таныстырды.

Алмагүл Ахметжанова 2016 жылғы 16-мамырда Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалған Айдос Үкібайдың орнын басты.

Алмагүл Ауғалиқызы Ахметжанова 1975 жылғы 4-желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы ҚазМҰУ-ды  «Әлеуметтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Магистр дәрежесі бар.

Алмагүл Ахметжанова Агенттіктегі өз еңбек жолын 1999 жылы редактор және продюсер лауазымынан  бастады.  2002 – 2004 жылдары бағдарламалар дирекциясының жетекшісі, 2005 – 2011 жылдары бағдарламалар дирекциясының директоры, 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін – Басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.

«Хабар» Агенттігі» АҚ – медиа холдингі 1995 жылы құрылды, агенттік құрамына Қазақстанда және шет елде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын «Хабар» арнасы, жерсеріктік арна «Kazakh TV», тәулік бойы ақпарат тарататын арна «24 KZ» және мәдени-ағартушылық арна «Білім және Мәдениет» атты төрт арна кіреді.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз