Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Гүлнар Каримованың миллиард доллары қайда кетті? — шетелдік БАҚ-қа шолу

345
Дереккөзі — utro.ru

Гүлнар Кариованың ұлы Ислам өзінің және қарындасы Иманның Instagram желісіндегі парақшаларында Шавкат Мирзиёевтің атына үндеу жариялады. Ол жазбасында Өзбекстанда өзінің анасынан тартып алынған мүлік пен активтерді тізіп берді. Asiaterra порталының хабарлауынша, Гүлнар Каримова

одан мемлекет пайдасына деп $1,2 млрд активті алып қойған

Бірақ олардың құны экономикалық шығынды өтеу ретінде қарастырылмаған. Ал өзбекстандық Қаржы министрлігі Каримованың сөзін жоққа шығарып, «жоғарыда аталған сомадағы кіріс бюджетке түскен жоқ» деп мәлімдеді.

Кіші Каримов алып қойылған активтерді атап жазды:

  • Өзбекистон почтаси (“Өзбекстан поштасы»),
  • Perfectum mobile (ұялы байланыс компаниясы),
  • МДС (Ташкенттегі жеке Көп бейінді медициналық клиника),
  • жоғары технологиялық жабдығы бар екі жеке клиника,
  • Ташкентте 98 пәтер,
  • Gabus құрылыс компаниясындағы акциялар,
  • Әуежайлар мен қаладағы сауда орындарындағы Duty free,
  • Usell акциялары (ұялы байланыс компаниясы),
  • Paynet акциялары (Өзбекстанда электрондық төлемдер жүзеге асырылатын монополист-компания),
  • 26% Pepsi-Kola,
  • Ташкент және басқа облыстардағы ауыл шаруашылығы алаңдары.

Тағы басқа көптеген меншіктер.

Кіші Каримовтың айтуынша, барлық алынған мүлікті мемлекетке иелігіне берілмеген, орта жолдан басқа біреулер иеленген. Ол өзінің Мирзиевке жоғары билік ретінде жүгініп отырғанын жеткізді.

—Әрине, бұл  мүліктің барлығын Гүлнар Каримова қылмыстық жолмен (отбасылық үйден басқасы — бұл туралы нақты деректер жоқ) жинақтады. Алайда, егер мұның бәрі олардан алынса, бірақ мемлекеттің меншігіне берілмесе және жария сауда-саттықта сатылмаса (түсімді мемлекеттік банктердің шотына аудара отырып),

демек, ол мемлекеттен екінші рет ұрланды,

— деп жазады портал.

Бірақ тартып алу фактісін тек Каримованың сөзінен басқа еш дерек дәлелдемей тұр.

Қайырымдылық көмек жолда қолды болуда

Сырдария облысына су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек жөнелтілуде. Бірақ елдімекендерде адресаттарға барлығы жетпей жатқанын айтады. Бұл туралы Озодлик порталы хабарлады. Атап айтқанда, Ақалтын ауданының тұрғындары шағымдануда.

— Мен махалла комитетіне бардым және біздің отбасына қайырымдылық көмектен қандай да бір азық-түлік беруді өтіндім. Бірақ маған бәрі таусылғанын айтып, ештеңе берген жоқ, — деді 61 жастағы зейнеткер.

Өзбекстандағы дамбаны жемқорлық «жарды» — БАҚ-қа шолу

Ақалтын ауданындағы «Навои» махалласының тұрғыны  екі күн бойы көмек ала алмадық деп шағымданды.

–Біреу тиісті мөлшерден көбірек, ал біреу мүлдем ештеңе алмайды. Менің енем күн сайын азық-түлік алу үшін махалла комитетіне барады, бірақ әр кез бос қолмен оралады. Хокимият жағдайды мүлдем бақыламайды. Бүгін ұн тарататты, ол да тегін болған жоқ. Алайда оны жеткізген машиналарда «қайырымдылық» деп жазу бар.

Біз жақындап келіп сұрастырғанда, ұнды қолма-қол ақшаға беретіндерін айтты,

– дейді ол.

Бұл фактіні аудан әкімшілігінің қызметкерлерінің бірі растады

– Біздің ауданға 3 мамыр күні кешке қайырымдылықтың бірінші партиясы  келді. Бір бөлігін арнайы қоймадға орналастырдық. Күн сайын прокуратура мен хокимият қызметкерлері өздеріне қоймада сақталған азық-түліктен түскі ас дайындаңдар деп мәжбүрлейді. Мен  хокимнің орынбасарының ұлы машинамен келіп, қоймадан қайырымдылық көмек ретінде жіберілген өнімдерді алып кеткенін көрдім, – деді ол аты-жөнін жарияламауды өтініп.

Тағы бір шенеунік махалла төрағаларын ұрлық жасауда деп айыптады.

– Кейбір төрағалар бізден қайырымдылық көмек алып, содан кейін оны таныстарының үйіне апарып береді. Бірінші кезекте олар өз жақындарын азық-түлікпен қамтамасыз етеді, содан кейін ғана басқа тұрғындарға беріледі. Алайда, басшылық мұндай ұсақ-түйек туралы ойлануға уақыт жоқ деп санайды – көптеген тұрғын үйлер мен басқа да нысандар су астында қалды, – деді ол.

Сырдария облысы Ақалтын ауданы басшысының бірінші орынбасары Олим Абдуллаев шағымдарды үзілді-кесілді жоққа шығарды.

– Қайырымдылық көмекті бөлу 100 пайыз бақылауға алынды.

Бұл мәселені облыстық прокуратура бақылайды, ұрлау фактілеріне жол берілмейді

– деді ол.

Еріксіз жасалған жақсылық

Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерін жалақыларының бір бөлігін «Қайырымдылық және қолдау» қорына аударуға мәжбүрледе.   Шавкат Мирзиеев  20 сәуірде осындай атаумен қор құруды ұсынды, 22 сәуірде Үкімет тиісті өкім шығарды.

Озодлик өзінің қарамағында Навои облысының орталық тау басқармасының басшыларына жіберілген қызметтік жазбаның көшірмесі болғанын айтады. Орталық тау-кен басқармасының кадрлар бөлімінің бастығы А. Т. Хамидовтың қолы қойылған құжат «Қайырымдылық және қолдау» қорына өтеусіз көмек» деп аталады. Онда «қызметкерлердің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп», кейін олардың «ерікті түрде  қордың шотына ақша аударуын» сұраңдар деп жазылған.

Науаи тау-кен металлургиялық комбинаты қызметкерлерінің бірінің әйелі күйеуін қордың шотына жалақысының 20%-ын аударуға мәжбүр еткенін мәлімдеген. Комбинаттың  басқа бөлімше қызметкерлері де солай еткен. Бұл

комбинат қызметкерлерін «қайырымдылыққа құрбан етуге» мәжбүрлеген алғашқы жағдай емес

– Наразылық білдіргендерді жалақысын қысқартамыз деп қорқытты, – деді ол.

Қор мен оның бөлімшелері «Махалла» қайырымдылық қоғамдық қоры мен оның аумақтық бөлімдері жанынан ашылды. Олар заңды тұлғалар болып есептелмейді.

Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басқа да қызметкерлері де ақша жинауда деп шағымданады. Алайда олардың басшылары

әлеуметтік желілер арқылы   қайырымдылыққа ақша аудару  тек  ерікті түрде жүргізілуде деп мәлімдеді

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз