Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Гүлнар Кәрімова “зонада” қалай өмір сүріп жатыр – БАҚ шолуы

973
Гүлнара Кәрімова

Жақында Гүлнәр Кәрімова басқа колонияға ауыстырылады деген ақпарат пайда болды. Алайда, Озодликтің айтуынша, мұны алдымен түрме әкімшілігі, содан кейін Кәрімованың қызы Иман жоққа шығарған.

Кәрімоваға қызын неге кіргізбеді?

14 сәуірде Өзбекстан омбудсмені басқаратын мониторингтік топ құрамында Ташкент маңындағы әйелдер колониясына барған құқық қорғаушы Агзам Фармонов Гүлнар Кәрімованы түрме ауруханасынан көргенін айтты. Ол “марқұм президенттің үлкен қызының жақын арада түрмеден босап шығатынына” сенбейтінін айтты.

Бірнеше күннен кейін Гүлнар Кәрімованың қызы Иман Кәрімова өзінің Instagram парақшасында

“қажетті жағдайлардың жоқтығына” байланысты колония әкімшілігі оны анасымен кездестіруден бас тартқанын жазды

— Бізге және басқаларға жасалатын жағдай басқаша болуы керек екен, бірақ дәл қандай екені түсініксіз. Мен бұған дейін де бәріне бірдей жағдайда кездесуге рұқсат етілгенін айтқаннан кейін де ешқандай түсініктеме берілген жоқ”, – деп жазды Иман.

Сондай-ақ,  Иман басқа мемлекеттен келгендіктен, колония басшылығы оған ұзақ уақытқа кездесуге рұқсат бермейтінін айтқан. Алайда, Кәрімованың қызы – Өзбекстан азаматы. Бірақ оған анасымен кездестіруден бас тарту себептері көрсетілген ресми құжат берілмеген.

Гүлнар Кәрімованың өзі туған-туыстарына хат жолдап, ондағы өлең жолдарында өзіне жасалған “жүйелі азаптаулар” туралы жеткізген.

“Өзбек ханшайымы” не үшін және қанша рет айыпталды?

Алайда, Ulster Британ университетінің криминология профессоры Кристиан Ласслет “Гүлнар  Кәрімованың қылмысы толық дәлелденгенін және түрмеде әділ жазасын өтеп жатқанын” жазады.

2017 жылы Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімов қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай оның үлкен қызы Гүлнар Кәрімова Өзбекстанда 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол салық төлеуден жалтарғаны, ұрлық жасағаны, бопсалағаны және оффшорлық компаниялардың құжаттарын жойғаны үшін кінәлі деп танылды. Өзбекстанда Кәрімоваға қатысты қылмыстық істер АҚШ пен ЕО-ның бірнеше мемлекетінің билігі оны ақшаның ізін жасырды, пара алды деп айыптағаннан кейін басталды.

Бірінші үкімнен кейін Кәрімова біраз уақыт үй қамақта отырды, бірақ 2019 жылы наурызда қамақта ұстау шарттарын “қасақана” бұзды деп айыпталып, Ташкент облысындағы колонияға жіберілді. Кәрімова мен оның қызы тұтқындау шарттары бұзылмағанын мәлімдеді. Көп ұзамай оның үстінен екінші қылмыстық іс қозғалды.

2021 жылы наурызда Өзбекстанның Жоғарғы Соты үшінші қылмыстық іс бойынша ҰҚТ құрғаны, бопсалау және алаяқтық жасағаны үшін

Гүлнәр Кәрімованы 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды

Баға өсіп, табыс құлдырауда

Озодлик Өзбекстандағы халықтың табысы төмендеп, ал бағаның, керісінше, өсіп жатқанын хабарлады. Әсіресе бірінші кезекте қажетті тамақ өнімдеріне: өсімдік майы, картоп, қант және ет.

Портал елде азық-түлік әр көктемде және Рамазан айында қымбаттайтынын атап өтті. Бірақ 2021 жылы аталған себептерге

пандемияға байланысты әлемдік бағаның өсуі және сауда қатынастарының шектелуі қосылған

Журналистердің айтуынша, азық-түліктің басқа түрлерінің де, сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарлардың да бағасы өсуде.

– Ет бағасы тұрақты өсуде. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде 50-55 мың сум болған сиыр етінің қазіргі уақытта килограмы 68-70 мың сумнан сатылуда. Бағасы көтерілген ет арзандамайтынын қиын. Бұл өнімді жасанды түрде арзандату мүмкін емес. Естеріңізде болса, шара қолданып көрдік, бірақ ешқандай нәтиже болмады, – дейді портал журналисі.

Сәуір айында ең көп қымбаттаған (30-38%) және ең көп тұтынылған күнбағыс майы болды. Бірақ майдың бағасы көтерілгеннен кейін Үкімет пен прокуратура араласты. Содан кейін оның бағасы бұрынғы деңгейге жетпесе де, сәл төмендеді.

Ташкенттік экономист Тошбек жағдайды былайша түсіндірді:

– Бұл ең алдымен көктем мезгіліне байланысты,

өткен жылғы қорлар таусылуға жақын, ал жаңалары әлі пісіп үлгерген жоқ

Екіншіден, өткен жылы пандемияға байланысты тапшылық қамтамасыз ету тізбегінің бұзылуына немесе шектеулерге байланысты пайда болды, оның кейбіреулері қазір де жалғасуда.

Сонымен қатар, инфляцияның күрт өсуін немесе кедендік шектеулерді, сондай-ақ импортқа қойылған шектеулерді ескеру қажет. Яғни, қазіргі уақытта нарық барлық жағынан қысымға ұшырады және әрине, бұл бағаларға әсер етпей қоймайды. Сондықтан май мен ет құны пандемияға байланысты немесе импорттың төмендеуіне байланысты өсті деп айта алмаймыз.

Еркін бәсекелестік пайда бола ма?

Бұдан басқа, экономист ұзақ жылдардан бері нарықты ырықтандыруға көмектесе алмай келе жатқан монополия мәселесін, сондай-ақ Үкімет тарапынан монополистік топтарды қолдау мәселесін тағы да атап өтті.

– Мысалға, етті алайық.

Қазақстаннан ірі қара мал импорты азайды. Бұл ет бағасының өсу себептерінің бірі

Биыл жем-шөп бағасы қымбаттады, сондықтан елімізде мал шаруашылығы қиын жағдайға тап болды. Сонымен қатар,  жеммен қамтамасыз ету үшін жеке компанияларға ұзақ жылдар бойы рұқсаттар мен түрлі жеңілдіктер беріліп келді. Жем-шөпті кез-келген көлемде елге тек жекелеген компаниялар ғана жеткізе алды. Тіпті олардың тізімі де болды. Қазір жағдай біршама өзгергеніне қарамастан, біз нарықта және компаниялар арасында еркін бәсекелестіктің жүз пайыздық үрдісін жақын арада көре алмайтын сияқтымыз, – деді ташкенттік экономист.

Бірқатар экономистер бірінші кезекте қажетті тауарларды импорттауға тыйым салуды алып тастау қажеттігі, сондай-ақ

осы салаларды басып алған монополиялық компанияларды шұғыл тарату қажеттігі туралы айтуда

Олар олай болмаған жағдайда жағдайдың нашарлауы мүмкін екенін ескертеді.

2021 жылдың басында үкімет мемлекеттік сатып алу арқылы импорттық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға шектеу қойды. Тауарлар тізімінде күнбағыс, мақта, зәйтүн және жержаңғақ майлары бар. Дәл осы майлар нарықта айтарлықтай қымбаттаған.

Сонымен бірге, монополияға қарсы комитет мәлімдегендей, ” ішкі нарықтағы өсімдік майының қымбаттауына, ең алдымен, сыртқы нарықтағы бағаның өсуі және

экспорттаушы мемлекеттерде өткен маусымдарға қарағанда өндіріс көлемінің салыстырмалы түрде төмендегені әсер еткен,

осыған байланысты күнбағыс майы мен тұқым экспортына жоғары кедендік баж салығы енгізілген”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз