Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Гүлге ұқсайды…”. Астанада қазақы дизайндағы мешіт ашылды (фото)

344

Артық энергияны да өндіруге мүмкіндік бар. Оны қалаға сатып, жылына 4 млн теңге пайда көруге болады. Бұның барлығы – Астанадағы ЭКСПО көрмесінің нәтижесі», – дейді Сағындық Жанболатов.

Оның айтуынша, жаңа мешітке 750 адам сияды. Дегенмен, намаз кезінде қатарға тұрғанда, оған бір мыңнан астам адам кіре алады.

«Мешіт жылы. Еденді арнайы жылыту жүйесі тартылған. Ішкі сәулеті де айрықша, авангард үлгісінде жасалып отыр. Біз оны «жаңа қазақ» стилі деп атаймыз», – деп атап көрсетті Жанболатов.

Айта кетейік, бүгін Астанада жаңа үлгідегі мешіт ашылды. Нысанның ашылу рәсіміне ҚР Президенті Әкімшілігі, Үкімет пен Парламент мүшелері қатысты. Мешітке Ырыскелді қажының аты беріліп отыр. Мешіттің бас имамы Жақия қажы Исмаилов интерьерде ою-өрнек пен жазулардың аздығын түсіндірді.

«Мешіттің сыртқы сәулеті ерекше болып шықты. Мұнараның үстінен қарағанда мешіт гүлге ұқсайды. Бүгінде оны халық арасында «Алланың гүлі» деп атап кетті.

Мешіттің тағы бір ерекшелігі – іші қарапайым. Қабырғалары аппақ, көп жазулар жоқ. Күмбездің айналасында ғана Алла тағаланың тоқсан тоғыз аты жазылған. Басқа жерінде адамның ойын алып кететін ешқандай әшекей де, ою-өрнек те жоқ. Ол да – жаңа мешіттің ерекшелігі.

Мешіттің миxрабы да өзгеше салынды. Олай істеген шариғатқа қайшы емес. Сосын жаңа нысан толығымен отандық материалдардан салынып отыр», – дейді Жақия қажы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз